Қостанай қалалық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 233 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 7693 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қалалық мәслихаты осы шешімнің қосымшасына сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, № 9
сайлау округі бойынша депутаты
И. Бибин
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік

      кірістер департаментінің Қостанай қаласы

      бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________________________ А. Каиль

  Мәслихаттың
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 233 шешіміне қосымша

Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі

      1. 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-1-122 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірде "Костанай" газетінде жарияланған).

      2. 2011 жылғы 29 маусымдағы № 418 "Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-1-168 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 тамызда "Костанай" газетінде жарияланған).

      3. 2013 жылғы 15 ақпандағы № 112 "Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4052 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      4. 2015 жылғы 13 тамыздағы № 347 "Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5877 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      5. 2015 жылғы 6 қазандағы № 367 "Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5966 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      6. 2016 жылғы 6 қазандағы № 77 "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6699 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады