"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-129 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз "мөлшерлемелеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз "мөлшерлемелеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 3 сайлау округі бойынша депутаты |
Б. Абдрахманова |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Халыков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Қостанай қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ С. Доненбаев
"13" тамыз 2015 жыл
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ С. Жусипбеков
"13" тамыз 2015 жыл
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Н. Дорошок
"13" тамыз 2015 жыл