1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 122 "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6347 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1 және 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Е. Найденовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қала әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 522 қаулысына 1-қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 122 қаулысына 1-қосымша |
2016 жылға арналған Лисаков қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Әкімдіктің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 522 қаулысына 2-қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 122 қаулысына 2-қосымша |