"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 48 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 6284 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 140 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

А. Балғарин



Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 48 қаулысымен бекітілген

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Саржетім Қарабалуан батыр көшесі, 26.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Әулиекөл ауданының аумағында халықтың өмір деңгейін және табысын, оның жұмыспен қамтылуын, әлеуметтік қорғалуын және әлеуметтік қызмет көрсетуін арттырудан тұрады.
      15. Міндеттері:
      1) Әулиекөл ауданының мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын және халықты әлеуметтік қорғауын іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;
      2) табысы аз отбасылардың, жұмыссыз азаматтардың, ардагерлердің, мүгедектердің және мұқтаж азаматтардың басқа жекелеген санаттарының әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру;
      3) азаматтардың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтарын, олардың мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;
      4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқару органы болып табылатын мекеменің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      5) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;
      2) бюджеттік қаражат қажеттілігін болжау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;
      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;
      6) есептілікті құру және тиісті мемлекеттік органдарға беру;
      7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекеттесу;
      8) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
      9) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
      10) қартайғандар, мүгедектер үшін, соның ішінде үйде күндізгі күтімдегі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну;
      11) қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдау;
      12) кәмелетке толғандарға қатысты қамқорлыққа алу және қорғаншылық жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру;
      13) еңбек нарығын талдау және болжау, еңбек нарығының жағдайы туралы тұрғындарға және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беру;
      14) өтініш білдірген азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс алу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге – жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
      15) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда көмек көрсету, тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
      16) еңбек нарығы жөнінде мәліметтер банкін қалыптастыру;
      17) азаматтарға және жұмыссыздарға кәсіптік бағдар жөнінде тегін қызметтерді көрсету;
      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздарды және азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      21) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері санынан тіркелген жұмыссыздарға жастар практикасын ұйымдастыру;
      22) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігін орындау;
      23) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген тұлғаларға санаторий–курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу;
      24) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;
      25) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнаулы комиссияның жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығын растайтын куәліктерді алу және беру;
      26) тұрғын-үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
      27) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сонымен қатар әкім мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырыстарын сапалы, мерзімінде орындау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік және басқа органдарда "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды (сыйақы) белгілейді;
      4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      6) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңының орындалуын бақылайды;
      7) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді, сол үшін дербес жауапты болады;
      9) өз құзіреті шегінде гендірлік саясатты іске асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады