Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 6297 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 10.07.2024 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5215 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.

      Өтініш беру, қызмет көрсету нәтижесін ұсыну және тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдерінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" "Тұрғын үй көмегін тағайындау" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      3-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.


Аудандық мәслихаттың кезектен


тыс сессиясының төрағасы

К. Досмұхамедов

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев


      "Денисов ауданы әкімдігінің

      экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ С.Ф. Рахметова

      2016 жыл "1" сәуір

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысының

      міндетін атқарушы

      _______________ Л. А. Дранчуковская

      2016 жыл "1" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады