Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 100 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 6816 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 104 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 230 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бөрлі ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші
сессия төрағасы
С. Лысоченко
      Аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарабалық ауданы Бөрлі

      ауылдық округінің әкімі

      __________ А. Жиеналин

  Мәслихаттың
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 100 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 230 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Бөрлі ауылының тұрғындары үшін

20

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Песчаный ауылының тұрғындары үшін

1

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылының тұрғындары үшін

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады