Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 26.08.2020 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзуін қосымша реттеу туралы қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | П. Лебедев |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
"Меңіқара ауданының
ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ О. Нурабаев
|
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидалары
1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – Меңдіқара ауданының әкімдігі) өтiнiш берiледi.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Меңдіқара ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
4. Меңдіқара ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы өтініш берген кезде, осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, Меңдіқара ауданының әкімдігі жіберілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап есептеледі.
6. Меңдіқара ауданының әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.
7. Жиналыстар және митингілер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
8. Шерулер және демострациялар өткізу маршруттары осы Кағидалардың 2- қосымшасына сәйкес белгіленсін.
9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар,
сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.
11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Меңдіқара ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрацияларды өткізу орындарында:
1) алкогольдік ішімдіктерді ішуге, есірткі заттарды, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға;
2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасуға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.
13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;
2) Меңдіқара ауданының әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады.
3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттін тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айқайлауға рұқсат етіледі.
15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындаған жағдайда белгіленген тәртіппен Меңдіқара ауданының әкімдігінен рұқсат алу қажет.
16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтініш берілмеген болса;
2) тыйым салу туралы шешім шығарылса;
3) оларды өткізу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда Меңдіқара ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.
17. Меңдіқара ауданының әкімдігі өкілінің заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.
18. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
19. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөніндегі барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.
|
Жиналыстар және митингілер өткiзу орындары
№ р/с | Елді мекендердің атауы | өткiзу орны |
1. | Боровское ауылы | Королев көшесіндегі "Юбилейный" аудандық мәдениет үйінің орталық алаңы |
2. | Боровское ауылы | Алтынсарин көшесіндегі "Достық" стадионы |
|
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с | Елді мекендердің атауы | Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары |
1. | Боровское ауылы | Королева көшесіндегі "Юбилейный" аудандық мәдениет үйіненнен Летунов және Тұрсынбай көшелерінің қиылысына дейін және әрі Летунов көшесімен Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін. |
2. | Боровское ауылы | Алтынсарин көшесі "Достық" стадионына дейін. |