Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 164 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 маусымда № 6469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 28.06.2018 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерді белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Б. Өтеулин

      Аудандық мәслихаттың

      хатшысы

      _______________ С. Сапабеков

  Әкімдіктің
2016 жылғы 16 мамырдағы
№ 164 қаулысына
қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының
тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері) меңгерушісі;

      2) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      6) жұмыспен қамту орталығының маманы.

      2. Білім мамандарының лауазымдары:

      1) барлық мамандықты мұғалімдері;

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысы;

      3) коммуналдық мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      4) интернаттың меңгерушісі;

      5) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

      6) әлеуметтік педагог;

      7) қосымша білім беретін педагог;

      8) педагог-психолог;

      9) тәрбиелеуші;

      10) балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекші;

      11) аға тәлімгер;

      12) оқу-өндіріс шеберхананың меңгерушісі;

      13) әдіскер;

      14) мейірбике;

      15) кітапханашы;

      16) кітапхананың меңгерушісі;

      17) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      18) логопед;

      19) емдәмдік мейірбике;

      20) дене тәрбиесі нұсқаушысы;

      21) хореограф.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) көркемдік жетекші;

      3) концерттік зал меңгерушісі;

      4) музыкалық жетекші;

      5) суретші;

      6) хореограф;

      7) дыбыс режиссеры;

      8) режиссер;

      9) аккомпаниатор;

      10) мәдени ұйымдастырушы;

      11) кітапханашы;

      12) библиограф;

      13) мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы;

      14) әдіскер;

      15) тілдерді оқыту орталығының мұғалімі.

      4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) мал дәрігері;

      2) ветеринарлық фельдшер.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) әдіскер;

      4) мейірбике;

      5) жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады