Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 28 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 6473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "Таран ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _________________ А. Мұхтар

      "16" мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады