Мәслихаттың 2013 жылғы 27 тамыздағы № 145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 62 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қаңтарда № 6774 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 10.08.2020 № 403 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 27 тамыздағы № 145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4222 тіркелген, 2013 жылғы 3 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) халықты жұмыспен қамту орталығы – облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";
      7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды мемлекеттік бюджеттен өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, жүгінген алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын (балалар үйінің түлектеріне, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және толық емес отбасылары) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға табыстарын есепке алмай, жоғары білімді алуға байланысты.
      Әлеуметтік көмек оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде төленеді;";
      7-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      7 - тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсіби, орта немесе жоғары бiлiм беру ұйымдарында, сонымен қатар екінші техникалық және кәсіби, орта және жоғары білім алудан кейінгі білім алатын мүгедектерге, сонымен қатар Таран ауданы аумағында тұратын мүгедек-балаларға мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының ұсыныс бойынша нақты оқу бағасынан 100 пайызды төлеу, бірақ жылына 450 айлық есептік көрсеткішінен кем емес тиісті білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттiк бюджеттен өзге төлемдердiң түрлерін алушылар, бiлiм беру гранттарының иелерi болып табылатын мүгедектерді есептемегенде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;";
      23-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс
сессияның төрайымы
Н. Түгелбаева
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
С. Сапабеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________________ Г. Филиппова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады