Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 6349 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 460 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 11.08.2020 № 460 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында қоса беріліп отырған жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 214 "Федоров ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4537 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІІ сессияның төрайымы Е. Жданова
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Бекенов

      "Федоров ауданының ішкі

      саясат бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ Б. Уәлиев

  Мәслихаттың
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 23 шешімімен бекітілген

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары

      1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы ауданның жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – Федоров ауданының әкімдігі) өтініш беріледі.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Федоров ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      4. Федоров ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Федоров ауданының әкімдігі жіберліген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап есептеледі.

      6. Федоров ауданының әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.

      7. Жиналыстар және митингілер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      8. Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      9. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтiнiште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Федоров ауданы әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметіне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;

      7) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға;

      2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.

      13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

      14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;

      2) Федоров ауданының әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады;

      3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекті үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айқайлауға рұқсат етіледі.

      15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындалған жағдайда белгіленген тәртіппен Федоров ауданы әкімдігінен рұқсат алу қажет.

      16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарымен көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Федоров ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.11.2017 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Федоров ауданының әкімдігі өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      18. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      19. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшін заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөнiндегi барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 1-қосымша

Жиналыстар және митингілер өткізу орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.11.2017 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Жиналыстар және митингілер өткізу орындары

1

Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре берісте

  Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.11.2017 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

1

Федоров ауылы, Легкодухов көшесіндегі орталық алаңына кіре беріс - Красноармейская көшесі - Набережная көшесі - Юнацкий көшесі - Легкодухов көшесі - орталық алаңына кіре беріс

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады