2016 жылға Ертіс ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 5007 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 109/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 12.05.2016 № 109/3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы аумағында тұратын тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 50 жастан асқан тұлғалар;
      2) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      4) дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулі тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады