Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 3/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 тамызда № 5189 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 3/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.08.2019 № 3/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Качир аудандық мәслихаттың (VI сайланған III сессиясы) 2016 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 2/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы "Тереңкөл тынысы" газетінің № 19, 2016 жылғы 12 мамырдағы "Заря" газетінің № 19 жарияланған) күші жойылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Әбілдинов
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады