"Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 54/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 5064 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық және коммуналдық-өндіріс саласы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" наурыздағы
№ 54/3 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданының аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы қатысуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13.
      10. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік, туризм мен ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      17. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Лебяжі ауданының аумағында кәсіпкерлік, туризм мен ауыл шаруашылықты дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
      2) Лебяжі ауданының аумағында кәсіпкерлік қызметті, туризмді және ауыл шаруышылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) мемлекеттік салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
      4) Лебяжі ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.
      20. Функциялары:
      1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылығын және жеке меншік кәсіпкерлікті, туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;
      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;
      5) инфрақұрылымдық объектілер аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      6) жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
      7) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
      8) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      9) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
      10) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
      11) сәйкесінше аумақта индустриялдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      13) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
      14) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
      15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      16) өзінің құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету;
      18) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдында қойылған міндеттерді орындалумен байланысты мәселелері бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларының келісімі бойынша, жұмысқа тарту;
      3) өзінің құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      4) "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) барлық мемлекеттік органдарда соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      7) "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      9) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады