Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 18.03.2020 № 253/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Шаймарданов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Мүсінова |