Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 72/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 09 тамыздағы № 258/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 тамызда № 5203 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 25.07.2019 № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5022 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 сәуірдегі ауданның № 14 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қөрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің экономика және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 9 тамыздағы
№ 258/6 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1.

Аудандық атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламарының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2.

"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасының бірінші бағыты аясында жоба бойынша жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыс және қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады