Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 279/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы бойынша мүгедектер үшiн арналған жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Неғмановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |
Шарбақты аудан әкімдігінің 2016 жылғы "11" қазандағы № 323/8 қаулысына қосымша |
Шарбақты ауданы бойынша мүгедектерге
арналған жұмыс орнындарының квотасы
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Үлес мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | ЖШС "АТО Шарбақты Элеватор" | 65 | 2% | 1 |
2 | ЖШС "Шарбақты Құс" | 175 | 3% | 3 |
3 | ЖШС "Шығыс Жолдары" | 65 | 2% | 1 |
4 | РММ МОТР "Ертіс-Орманы" | 375 | 4% | 15 |