Алматы қаласының көшелері мен жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 1/52 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 наурызда № 1266 болып тіркелді

      РҚAО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Aвтомобиль жолдары туралы" Заңының 13 бабынның 1-1 тармағының 13 бабынның 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Aлматы қаласының көшелері мен жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Aлматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Aлматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Aлматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 1/52 қаулысымен
бекітілді

Aлматы қаласының көшелері мен жолдарын күтіп ұстау,
ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде
орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі
1. Жалпы ережелер

      1. Aлматы қаласының көшелері мен жолдарының күтімі, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу барысында орындалатын жұмыс түрлерінің Жіктелімі (бұдан былай- Жіктелім) Aлматы қаласының көшелері мен жолдарының күтімі, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу барысында орындалатын жұмыс түрлерін анықтайды.
      2. Жіктелімжол жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін пайдаланылады.
      3. Aлматы қаласының көшелері мен жолдарындағы жол жұмыстары келесі топтарға жіктеледі: қала көшелері мен жолдарын, жол құрылымдарын пайдалануды басқару, көшелердің күтімі, соның ішінде қысқы күтімі және көгалдандыру, көше-жол желісінің жол шаруашылығы нысандарының (бұдан былай- КЖЖ) ағымдағы жөндеу, соның ішінде КЖЖжол белгілерін салу және апаттық жөндеу; орташа және күрделі жөндеулер.
      4. Жөндеудің қажетті түрі, көше-жол желісінің әр нысаны немесе оның үлесін жөндеу бойынша жұмыстарының құрамы және көлемдері ақаулықтар ведомостерін рәсімдей отырып КЖЖ көзбен қарау (зерттеу) нәтижелері бойынша анықталады.
      5. Қалалар мен елді мекендердің көшелерін пайдалану барысындағы жұмыстар жіктелуі сол жұмыс түрлері үшін белгіленген қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Осы Жіктелімде келесі анықтамалар пайдаланылады:
      1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;
      2) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
      3) жеке бөлінген жол - тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісіне арналған жолақ. Жеке бөлінген жол қалған жүру бөліктерінен көлденең жол таңбаларының және жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;
      4) жол - көлiк құралдарының жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
      5) тротуар - жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен немесе арық желілерімен бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі;
      6) велосипед жолы - велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді;
      7) жол-көлiк оқиғасы (бұдан былай - ЖКО) - көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
      8) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары (бұдан былай - ЖЖР ТҚ) - жол белгiлерi, жолтаңбасы, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықты қоса алғанда), темiр жол өтпелерiндегi реттеуiш құрылғылар, сондай-ақжолқоршауларыменбағыттауышқұрылғылар;
      9) жол жүрiсiн ұйымдастыру - жолжүрiсінбасқаружөніндегіұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқада іс-шараларкешенi;
      10) жолжамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;
      11) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;
      12) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;
      13) интеллектуалды көлік жүйесі (бұдан бұлай - ИКЖ) - жол жүрісін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені;
      14) тұрмыстық қатты қалдықтар(бұдан бұлай -ТҚҚ) - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
      7. КЖЖ күтімі - жыл бойы (маусымдарды ескере отырып) КЖЖ бүкіл бойымен орындалатын осы Жіктеумен көзделген КЖЖ және ЖЖР ТҚ элементтерін күту бойынша жұмыстар кешені, оларды орындау нәтижесінде қала көшелерінің және олардың жол құрылымдарының үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы жүру үшін қажетті санитарлық-техникалық және көліктік-пайдаланушылық ахуалы қолдалады. Күтім құрамына КЖЖ жазда және қыста жинау бойынша жұмыстарды орындау кіреді. КЖЖ күту бойынша жұмыстар жобалық құжаттаманы құруды қажет етпейді және ақаулықтар ведомостері, технологиялық карталар, қаржыландыру нормативтері және бағалар негізінде жүзеге асырылады. КЖЖ күтімінің мақсаты болып олардың санитарлық және көліктік-пайдаланушылық ахуалын жылдың кез келген мезгілінде үздіксіз және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ету шарттары бойынша рұқсатты талаптарға сәйкес күйде ұстап тұру табылады.
      8. КЖЖ жол белгілерін салу және КЖЖ жүріс бөлігіндегі сызықтарды, меңзерлерді жәнеКЖЖ жол жүріс бөлігіне қатысушылар үшін көзбен қарап бағытталу құралы болып табылатын немесе жүрудегі шектеулер немесе режимдері туралы хабарлап отыратын өзге таңбаларды салу және қалпына келтіру жұмыстарының кешені және көлік пен жаяу жүргіншілердің жүру схемаларын қайта жоспарлау жағдайындағы сол таңбаларды өшіру бойынша жұмыстар. Жол белгілерін салу бойынша жұмыстар көшелердің ағымды жөндеу жұмыстарының қатарына жатады.

2. Қала көшелерінің және жол құрылымдарының күтімі

      9. Қала көшелерінің және жол құрылымдарының күтімі бойынша жұмыстар жұмыстардың өзге түрлерінен жыл бойы КЖЖ бүкіл бойымен,КЖЖ элементтері бойынша үздіксіз орындалуымен және қала көшелерінің көктемгі-жазғы-күзгі маусымдағы және қыс кезіндегі күтімі бойынша жұмыстарға бөлінеді. Көгалдандыру бойынша жұмыстар қала көшелерінің күтімі бойынша жұмыстар қатарына жатқызылады.
      Қала көшелерінің және жол құрылымдарының күтімі бойынша жұмыстарды дер кезінде орындау мақсатында оларды қадағалап отыру күнделікті жүзеге асырылады.
      Қала көшелерінің күтімі бойынша жұмыстарды орындауда жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының жыл барысындағы санитарлық-техникалық, үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы жүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
      Күту бойынша жұмыстарды орындау жобалық құжаттаманы құруды қажет етпейді. Олар қала көшелерін байқау нәтижелері, Тапсырыс берушімен (басқару органымен, өкілетті органмен) қаржыландыру нормативтері негізінде күтуге бөлінетін қаражаттары шектерінде жоспарланады.
      Қала көшелерінің және жол құрылымдарының күтімі бойынша жұмыстар көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы күтім жұмыстары, көгалдандыру және өзге жұмыс түрлері болып бөлінеді.
      10. Қала көшелерінің КЖЖ құрылымдық және конструктивті элементтерінің көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы күтімі барысында келесі жұмыстар орындалады:
      1) жер қабаты мен су қайтару жүйесі бойынша:
      - тазарту су қайтару арықтарын, жол бойы арық желісін және суағарларды көктемде қардан, ал жазда жиналған қоқыс пен балшықтан тазарту және қоқысты шығару;
      - жол жиектерінде, ісіме топырақтарда сорғыту шұңқырларын қазу және көму;
      - қиябеттерді, аралық жолақтарын жоспарлау, шөп егу;
      - шөп шабу және шабылған шөпті жинау;
      - жол жиектеріндегі және топырақты төсем құламаларындағы бұталарды, ағаштарды, жабайы желектерді шабу және қопару, шабылған материалды шығару;
      - жол жиектерін, аралық жолақтарды, үйінді бермеларды материал қосусыз жоспарлау.
      2) жол жиектерінде:
      - су қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жоспарлау;
      - жол жиектерін шаң мен балшықтан тазарту;
      - бөлінген жер жолағында, жол жиектерінде, жол қиябеттерінде және газондарда жүйелі түрде тазалық пен тәртіпті күту;
      - қоқыс пен бөгде заттардан тазарту, оларды тиеу және күресінге әкету;
      - жасыл желектерді күту, ауру және қурап қалған ағаштарды жоспарлы түрде шабу және шабылған материалды шығару;
      - жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін қалаусыз шөп және ағаш-бұта өспелерімен күресу және шабылған материалды шығару;
      - жасыл желектер өсуіне әсер ететін зиянкес жәндіктермен күресу (соның ішінде химиялық өңдеу);
      - резервтегі, бөлінген жер учаскесіндегі шөпті шабу, шабылған шөпті жинау және күресінге әкету.
      3) капиталды жабынды жүру бөлігінде:
      - шағын деформациялар мен зақымданған жерлерді жою (шұңқыршаларды, отырып кеткен жерлерді бітеу), кертілген жиектерді, ауданы 1 м2дейінгі шағын жеке ісінген жерлерді тегістеу, жол жабынының шұңқырлы жөндеуі;
      - жабындарды сыпыру және көшелердің жүру бөлігінің науларын топырақты-шаңды шөгінділерден тазарту;
      - осьтік және резервті жолақтарды сыпыру;
      - жол жабындарын қоқыстан тазарту, балшығын шаю, соның ішінде КЖЖ жүру бөлігін құрамында үстірт белсенді заттары бар концентрацияланған жуу құралдарының көмегімен жуу;
      - жүру бөлігіндегі шаңды сумен басу;
      - жүру бөлігіндегі және жол жиектеріндегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін бөгде заттарды алып тастау;
      - жүру бөлігіндегі және жол жиектеріндегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін бөгде заттарды алып тастау.
      4) жаяужолдарда, алаңдарда:
      - сыпыру, бөгде қоқысты жинау, шаю және шаңын сумен басу;
      5) көлік құралдарының уақытша тұрақтарында, аралас, қара немесе жабыны жақсартылған қара жолды кіріс жолдарында:
      - шаңын сумен басу, бөгде қоқысты жинау;
      6) жер үсті су қайтару жүйесінде, жол бойы арық және жаңбырлы кәріз жүйелерінде:
      - топырақты-құмды шөгінділерден және сумен әкелінген қоқыстан тазарту;
      - су қайтару жүйелерінің пайдалануға жарамдығын жүйелі түрде күту;
      - кюветтер мен су қайтару арықтарын тазарту және пішіндеу, олардың бекітпелерінің шағын ақаулықтарын жою; нөсерлі кәрізді, дренаж құрылғыларын және т.б. тазарту және шағын ақаулықтарын жою;
      - жабайы өспелерді шабу;
      7) жаяужолдарда, саябақтардың, скверлердің, жағажайлардың жолдары мен алаңдарында және аула іші жолдарында:
      - жаяужолдарды, жолдарды мен алаңдарды және өзге нысандарды шаң мен қоқыстан тазарту;
      - өту жолдарын, жаяужолдарды және алаңдарды жуу және су бүрку;
      - шағын сәулет қалыптарын (қоршауларды, орындықтарды және жолды жайландырудың өзге нысандарын) үнемі тазарту және жуып отыру.
      8) қауіпсіздікті, жол жүруді ұйымдастыру және реттеудің техникалық құралдары (ЖЖР ТҚ) және жолдарды жайландыру нысандары бойынша:
      - жол жабынына белгілер салу;
      - қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі павильондарын, қоршауларды және қала көшелерін жайландырудың өзге элементтерін бояу және ағарту;
      - көшені жарықтандыру бағандарын жөндеуаралық кезеңде бояу;
      - жаяу жүргіншілер жолдарының металл бағыттаушылары мен жаяужолдардың бағаншаларының ақаулықтарын түзету және бояу;
      - металл аралық қоршаулардың ақаулықтарын түзету (тозған бөліктерін, сегменттерін ауыстыра отырып), бояу, соның ішінде ЖКО кейін;
      - бетон аралық қоршаулардың ақаулықтарын түзету (қажетті жағдайда бояу);
      - шуылдан қорғаушы қалқандардың ақаулықтарын түзету (тозған сегменттерін ауыстыра отырып), соның ішінде ЖКО кейін;
      - жол бойындағы шағын сәулет қалыптарының және жасыл желек элементтерінің, соның ішінде отырғызылған ағаштардың, гүлзарлардың, гүлстандардың, гүлдерге арналған вазондардың және тағы басқаларының ЖКО кейінгі зақымдануларын жою;
      - ағаш қорғаушы металл қоршауларды жөндеу және бояу (тозған сегменттерін ауыстыра отырып), соның ішінде ЖКО кейін;
      - жол белгілерін және меңзерлерді, тұғырлары және бекітпелері бар ақпараттық қалқандарды жөндеу(тозған сегменттерін ауыстыра отырып), соның ішінде ЖКО кейін;
      - қауіпсіздік буферлерін ауыстыру, соның ішінде ЖКО кейін;
      - жаяу жүргіншілер өткелдерін және оларды жайландыру элементтерінде тазалық пен тәртіпті күту;
      - қоршаулар мен белгі беруші бағаншаларды, жол белгілерін және ақпараттық меңзерлерді, қалқандарды үнемі қарап жүру, олардың бекітпелерін тарту, қалқаншаларды түзету, оларды шаң мен ластан тазарту, жуу;
      - шуылдан қорғаушы қалқандардың шаң мен ластан және қоқыстан тазарту;
      - автобус аялдамаларын, тынығу алаңшаларын, автопавильондарды кезеңді түрде қарап жүру, күлтөкпелерді шаң мен ластан және қоқыстан тазарту, жуу және дезинфекциялау;
      - көшелердің, көпірлердің, жол өткелдерінің, тоннельдердің, көлік жол айрықтарының, паромды өткелдердің және өзге жол құрылымдарының электр жарықтандыруын тазалық пен тәртіпте күту;
      - жол жүруді ұйымдастыру ЖЖР ТҚ құралдарын (жарықтандыру, радиобайланыс, интеллектуалды көлік жүйесінің (ИКЖ) және өзге технологиялық және сигналды-шақырту байланыс, кабельді желі және бағдаршам нысандарын, жол жүруді ұйымдастыру құралдарын, жол жүруді диспетчерлік және автоматтандырылған басқару құралдарын) тазалық пен тәртіпте ұстау, күту және жұмысқа жарамдығын бақылау, соның ішінде олардың қызметі үшін қажетті байланыс арналарын жалдау және істен шыққан ЖЖР ТҚ элементтерін шешіп алу және кәдеге жарату, соның ішінде ЖКО кейін;
      - шуыл жолақтарын, шуылдан қорғаушы қалқаларды орнату және жөндеу;
      - жетіспейтін белгілерді, қоршауларды, панно орнату, зақымдануларын түзету, жиектастарды орнату және жөндеу, жол жайландыру элементтерін қалпына келтіру;
      - жол жүру схемасының өзгеруімен байланысты қосымша бағдаршамдарды (бағдаршамдардың қосымша секцияларын), жол белгілерін, жол жабынындағы белгілерді орнату;
      - жаяу жүргіншілердің өткелдерін жүрудің жаяу жүргіншілер фазасы ЖШТ батырмасымен қосылатын бағдаршамды дабылмен толықтыру, бұл жағдайда жұмыстар көлемі Тапсырыс берушімен бекітілген реттелмелі жаяу жүргіншілер өткелдерін жайландырудың типтік схемаларымен анықталады;
      - істен шыққан шамдар мен шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды және өзге электр жарықтандыру элементтерін ауыстыру және кәдеге жарату, трансформаторлардың техникалық күтімі.
      9) жасанды инженерлік жол құрылымдарында:
      - габионды құрылымдардың зақымдануларын жою (тоқылған металл торды және тас толтырманы қалпына келтіру немесе зақымданған бөліктерін ауыстыру);
      - көпірлердің металл элементтерінің жергілікті боялуы;
      - су өткізу құбырларының беттерін және жалғауларын жөндеу;
      - ашық типті жол бойы арық желісі;
      - жол қиябеттерін жөндеу, шайылған жерлерін толтыру;
      - шағын сәулет қалыптарын конструкциясын өзгертпей жөндеу және жыл сайын бояу.
      - көпірлер мен құбырлардың жандарындағы жеткізуші және қайтарушы арналарды, құлама арналар, сатылы арналар және т.б. сумен келген қоқыстан және бөгде заттардан тазарту, шағын зақымдануларын жөндеу;
      - жабайы өспелерді шабу;
      - жаяужолдардың бойындағы жүру бөліктерін тазарту техникасы өткеннен кейін балшық пен бөгде заттардан тазарту;
      - су қайтару құбырларын балшықтан, тас пен қардан тазарту;
      - деформациялық тігістердің астындағы су қайтару науаларын шгінділерден тазарту;
      - ашық типті деформациялық тігістердегі қаңылтырларды жылжыту ойықтарын ластан тазарту;
      - ашық типті деформациялық тігістердің күрделі конструкцияларының механизмдерін тазарту және майлау;
      - жаяужолдарды балшықтан, қардан және қоқыс пен бөгде заттардан тазарту;
      - жаяужолдардың блоктарындағы суағар ойықтарын тазарту;
      - сүйеніш, баръерлік қоршаулар мен жол белгілерін ластан тазарту;
      - арқалардың беттерін балшықтан, шөгіндіден және өсімдіктерден тазарту;
      - арқалардың тіреу тораптарын жуу;
      - графитті композициялардың тіреу бөліктерінің жұмыс беттерін майлау;
      - металл тіреу бөліктерінің бекіту бұрандаларын тарту;
      - конустарды және қиябеттердің бекітпелерін балшықтан, шөптен және бұталардан тазарту;
      - габионды құрылғыларды тазарту және жинау;
      - бақылау құрылғыларын (басқыштарды, арбашаларды) тазарту;
      - көпір құрылымдарын ағымды және кезеңді байқау;
      - көпір аумағынан, ағын бойымен және жоғары жаққа 15-25 м аралықта бұталарды бұтау және ағаштарды шабу, көпір асты аумағының санитарлық жинауы;
      - темір-бетон құбырларын шөгінді мен балшықтан тазарту;
      - реттелмелі су өткізу құрылымдарының шандорлы жаппаларын күту және қызмет көрсету;
      10) ағаш екпелерінде:
      - қоңыр күзде резервтегі, бөлінген жерлердегі, көшелердің және магистральдердің бойындағы гүлзарларда және аула аумақтарында түскен ағаштарды жинау және шығару;
      - күту, суғару және күтім жұмыстары.
      11. Көгалдандыру жұмыстары қала жолдарының күтімі құрамына кіреді және көгалдандыру барысында пайдаланылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне орай агротехникалық шаралардың талаптарын орындай отырып жыл маусымдары бойынша жүзеге асырылады.
      12. Қала көшелерін көгалдандыру сәулеттік-көркем безендіру және қар және құм басумен, топырақ эрозиясымен күресу мақсатында жүргізіледі. Көгалдандыру құрамына өндірістік базалардағы ағаш екпелерінің, жасыл желектердің, гүлзарлардың, гүлстандардың, жол айрықтарындағы газондардың күтімі, оларды құру, қалпына келтіру және көркем безендіру кіреді.
      13. Aғаш екпелерінің күтімі жұмысының құрамына келесі жұмыстар кіреді:
      1) топырақ күтімі (тракторлы культивация, қатарлардағы топырақты қопсыту, арам шөптермен химиялық әдіспен күрес);
      2) ағаш екплеріндегі өртке қарсы жер жырту;
      3) қурап қалған ағаш екепелерінде санитарлық және профилактикалық шабуларды шабу және тамырларын қазып алу, құлаған ағаштарды кесу және аумақтарды тазарту, электр сымдарының қорғау аумағындағы (1 м радиусіндегі) және көшелердің атаулары мен үй нөмірлерін қалқалап тұрған бұтақтарды кесу, кесілген ағаштар мен томарларды ұйымдастырылған күресіндерге шығару, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының (жол белгілерінің, бағдаршамдар мен өзге техникалық құралдардың) көрінуін қамтамасыз ету мақсатында ағаштарды қию;
      4) саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы, көшелердегі және аула аумақтарындағы жоғары санитарлық талаптар қойылатын жерлердің жеке учаскелеріндегі ағаштардың діңдерін әкпен ағарту;
      5) көшедегі жасыл желектердің зиянкестерімен химиялық және механикалық әдістермен күресу;
      6) тұқым дайындау, жаңа ағаш екпелерін отырғызу және өсіру, бар екпелерді суғару және күту.
      14. Aғаш екпелерін құру, қалпына келтіру, безендірілген ағаш екпелеріне келесі жұмыстар жатады:
      1) көшетбақтарына, ағаш екпелеріне және безендірілген ағаш екпелеріне арналған топырақты дайындау, ағаштар мен бұталардың көшеттерін өсіру;
      2) ағаш екпелерінің және безендірілген ағаш екпелерінің жолақтарын қалыптастыру;
      3) отырғызу, суғару, топырақты құнарту;
      4) топырақтағы дің маңы суғару шеңберлерін, ағаш аралық суағарларды (арықтарды) және ағаш екпелерінің отырғызу қатарларының арасындағы дренаждық арықшаларды құру;
      5) қазылып алынған өсімдіктердің орнына қосымша ағаш отырғызу (қалпына келтіру).
      15. Гүлзарлар, гүлстандар, жол маңындағы гүл вазондарын, газондар мен көркем гүл екпелерінің күтіміне келесі жұмыстар жатады:
      1) топырақты отырғызуға дайындау, соның ішінде гүлзарларды пішімдей отырып;
      2) тұқым дайындау және көшеттер өсіру;
      3) отырғызу, суғару, топырақты құнарту;
      4) түптеу, арамшөптерді жұлу және әкету;
      5) өсу мерзімі өткеннен кейін бір жылдық өсімдіктерді жинау және күресінге шығару;
      6) жол маңындағы гүл вазондарына құнарлы топырақ жеткізу және салу, оны жаңасына ауыстыру;
      7) жол маңындағы гүл вазондарын жөндеу және жаңаларына ауыстыру;
      8) газондарға шөп отырғызу, суғару, топырақты құнарту, газондардың шөбін шабу, шабылған шөпті жинау және күресінге шығару.
      16. Шағын сәулет қалыптарын (ШСҚ) күтуге оларды кезеңді түрде тазарту және жуу құралдарын пайдалана отырып жуу жатады.
      17. Қала көшелері күтімінің өзге жұмыс түрлері:
      1) жолдарды патрульдеу;
      2) көлік құралдарының өтуіне кедергі жасайтын нысандарды цкету;
      3) ҚТҚ қалалық полигонға (күресінге) шығару;
      4) жол құрылымдарын күзету.

2.1. Қала көшелерінің қысқы күтімі

      18. Қала жолдарының негізгі қысқы күтімінің мақсаты болып қоғамдық жолаушылар көлігінің қалыпты жұмысы мен қызметін, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін және қар, мұз, қоқыс, балшықтың жиналып, шығарылуын, жол жабындарына көктайғаққа қарсы материалдардың себілуін қамтамасыз ету, гүлзарлар мен жасыл желектерді үсіден қорғау табылады. жол жүруді ұйымдастыру ЖЖР ТҚ құралдарын (жарықтандыру,
      радиобайланыс, интеллектуалды көлік жүйесінің (ИКЖ) және өзге технологиялық және сигналды-шақырту байланыс, кабельді желі және бағдаршам нысандарын, жол жүруді ұйымдастыру құралдарын, жол жүруді диспетчерлік және автоматтандырылған басқару құралдарын) тазалық пен тәртіпте ұстау, күту және жұмысқа жарамдығын бақылау, соның ішінде олардың қызметі үшін қажетті байланыс арналарын жалдау және істен
      шыққан ЖЖР ТҚ элементтерін шешіп алу және кәдеге жарату, соның ішінде ЖКО кейін.
      Қысқы күтім жұмыстарының қатарына жататыны:
      1) магистральдерді және көшелерді қыста тазарту, соның ішінде:
      а) бірінші кезекті операциялар:
      - жолдардың жүру бөліктерін тұтастай көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу (себу);
      - жүру бөліктеріндегі және КЖЖ өзге құрылымдық элементтеріндегі қарды механикаландырылған әдіспен сыпыру және қарды науалардағы қар үйінділеріне жинау;
      - уақытша сақтап, кейіннен шығару үшін жүру бөлігінен және жаяжолдардан жиналған қарды науалы бөлікке сырғыту, көшелер, өтпе жолдардың жүру бөлігінен, КЖЖ өзге құрылымдық элементтерінен жиналған қар массасынан көшелер мен өтпе жолдардың жүру бөлігіндегі науалардың бойымен қар үйінділерін қалыптастыру;
      - қарды жол жиектеріне, қиябеттерге және бөлінген жерлерге сырғытып, кейіннен шығару;
      - көшелердің бір деңгейдегі қиылыстарында (көшелердің қиылыстарында) темір жол және трамвай өтпе жолдарында, қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларында, аулаларға кіріс орындарында және квартал ішіне кірістерінде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жаяжолдарда және т.б. жиналған қар үйінділерінде аралықтарды ашу (қар үйінділерін ашу);
      - жүру бөлігінен жиналған қарды кейіннен шығару үшін уақытша бөлінген жер жолағына жинау;
      - саябақтардағы, орманды бақтардағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және қаланың жасыл аумақтарындағы жайжолдардан жиналған, құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды жасыл желектерді сақтау және еріген судың кетуін қамтамасыз ету шартымен сол мақсаттарда алдын ала арнайы дайындалған алаңдарға уақытша жинау;
      - қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргінші өткелдерінің, көпірлерден және жол өткелдерінің, адамдардың көптеп жиналатын орындарынан (ірі әмбебап дүкендерінің, базарлардың, қонақ үйлердің, метрополитен станцияларының, қонақ үйлердің, вокзалдардың, театрлардың, базарлардың, және т.б.) жандарындағы, ауруханаларға кіріс жолдардағы және өзгедей әлеуметтік маңызға ие жерлердегі қар үйінділерін арнайы дайындалған алаңшаларға ("құрғақ" қар күресіндеріне, "өзен" қар күресіндеріне және қар еріту камераларына) бірінші кезекті (іріктеу бойынша) шығару.
      б) екінші кезек операциялары:
      - КЖЖ құрылымдық элементтеріндегі қарды тазарту, қар массаларын тиеу және құрғақ полигондарға, қар еріту зауыттарына апару;
      - қар үйінділерін өзі төккіш жүк көліктеріне тиер алдында автогрейдермен жайжолдардың жиектерінен ажырату немесе бос аумақтарға аудару;
      - қар жиналғаннан кейін жүру бөлігіндегі жол науаларын тазарту;
      - мұзды жарып, жүру бөлігіндегі және жайжолдардағы қарлы-мұзды жинақтарды тазарту;
      - көліктің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында КЖЖ құрылымдық элементтерін және қауіпсіздікті, жол жүруді ұйымдастыру және реттеудің техникалық құралдары (ЖЖР ТҚ) қар жинақтарынан және мұздан тазарту;
      - қарды қорытынды (жаппай) шығару кезектілігі бойынша және Тапсырыс берушімен анықталатын бірінші кезекті шығарудан кейін арнайы дайындалған алаңшаларға ("құрғақ" қар күресіндеріне, "өзен" қар күресіндеріне және қар еріту камераларына) жүзеге асырылады;
      - КЖЖ жиналған қарды іріктеу бойынша шығару қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларынан; жаяу жүргінші өткелдерінен; көпірлерден, жол өткелдерінен, эстакадалардан, тоннельдерден; адамдардың көптеп жиналатын орындарынан және жүріс қарқынды жерлерден және әлеуметтік маңызға ие жерлердің жандарынан);
      в) қар массаларын жаппай шығару.
      - құрам бөліктерді жеткізу, жинау, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, көктайғаққа қарсы материалдарды сақтау және кейіннен олармен жол жабындарын өңдеу;
      - жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және өзге көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және кейіннен оларды қажетті уақыт өткеннен кейін жүру бөлігінен жинау;
      - аралық жолағы бар магистральдерде жүру бөлігін сыпыру басталатын жағынан бастап жиектасқа дейін екі метрлік науа маңы аумақтарын кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;
      - қала көшелерінің жүру бөлігін трасса маңы резервтері жағынан бастап жиектасқа дейін науа маңы аумақтарын кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;
      - аралық жолақтарды, жаяужолдарды, жер үсті жолаушылар көлігінің аялдама қалталарын және аялдама павильондарын, жаяу жүргіншілердің жолдарын қар жауу және көктайғақтану кезінде де, одан кейін де кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;
      - көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аралық бетон қабырғаларын, металл қисық сызықты арқаларды, барьерлік қоршауларды, жол белгілері мен меңзерлерін кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;
      - көпір құрылғыларыны, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің баспалдақтарын қар мен мұздан тазарту;
      - жаяу жүргіншілер жолдарын, бақша дивандарын, күлтөкпелерді және КЖЖ өзге элементтерін, олардың алдын және жанындағы кеңістіктерді және оларға барар жолдарды қар мен мұздан тазарту;
      - қар көшкініне қарсы шараларды орындау;
      - табиғи су көздерінің қатуына қарсы күрес;
      - инженерлік желілердегі апаттар салдарынан туындаған жаяужолдар мен жолдардың жүру бөлігіндегі қатқан мұзды аршу және кейіннен оларды жарылған мұз бен қарға арналған орындарға шығару;
      - жол техникасының тұрақтары мен жылыту пункттерін жылумен қамтамасыз ету;
      - тайғақ жабынды учаскелерде қысқа мерзімді әрекетті жол белгілерін орнату;
      - жол техникасы (соқалы-щеткалы қар тазартқыштарының, қатты реагенттерді шашу машиналарының және өзгелерінің) мен механизаторлардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру;
      - боранды ескерту жағдайында, қолайсыз ауа-райы жағдайларында, соның ішінде демалыс және мейрам күндерінде;
      - кейбір жағдайларда жетіспейтін белгілер мен қоршауларды орнату. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жол белгілерінің және қоршаулардың зақымдануларын жөндеу, қалқаншаларын толықтай ауыстыру;
      - жаяужолдарды және аула іші жаяу жүргінші жолдарын қыста асфальтқа дейін қар мен мұздан тазарту және аршу және көліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі жасамайтын жерлерде жинау, көктайғаққа қарсы материалдарды себу.
      2) Қалалық аула іші жолдарын қыста жинау (қысқы күтімі), соның ішінде:
      - жаңа түскен қарды сыпыру;
      - қалыңдығы 2 сантиметр асатын қарды ысыру;
      - көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
      - қатқан мұздан және қардан тазарту;
      - қар мен мұзды қар күресіндеріне шығару;
      - қар жаумаған күндері сыпыру;
      - контейнерлік алаңшаларды жинау;
      - күлтөкпелерді қоқыстан босату және оларды дезинфекциялау.
      19. Ұзақ уақыт жаумаған және жол жабындарында қар болмаған кезеңдерде, құрғақ ауа райы жағдайында науа маңы аумақтарын, КЖЖ осьтік және резервтік жолақтарынмеханикаландырылған әдіспен сыпыру және тазарту жұмыстарын жүзеге асыру қажет етіледі.
      Механикаландырылған әдіспен сыпыру процессін міндетті түрде шаңын баса отырып, соның ішінде келесі жұмыстарды орындай отырып жүзеге асыру қажет:
      1) ауаның тұрақты оң температурасында және күн жылып кеткенде ластануларды сыпыру алдында алдын ала ылғалдандыру;
      2) ауаның тұрақты кері температурасында сыпыру аумағындағы шаңды пневматикалық әдіспен сорып алатын машиналарды пайдалана отырып сыпыру;
      3) қыста КЖЖ жүру бөлігі аса ластанған жағдайда ауаның тұрақты оң температурасында жүру бөлігін су шашқыш жуу машиналарын пайдалана отырып жуу;
      4) КЖЖ жүру бөлігінің шаңын басу үшін тарату тығыздығы ең аз (20 мл/шаршы м көп емес) көктайғаққа қарсы сұйық материалдарды бір рет шашуға рұқсат етіледі. КЖЖ жүру бөлігінің шаңын басудың көктайғаққа қарсы сұйық материалдарды пайдалана отырып келесі циклін орындауға КЖЖ жүру бөлігін сумен жуғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

3. Көше-жол желісіндегіағымдағы жөндеу

      20. Aғымдағы жөндеуі жұмыстары жобалау-сметалық құжаттаманың жасалуын талап етпейді.
      21. Жол жабындарын ағымдағы жөндеу жоспарлы, ескерту және апатты болып бөлінеді.
      Жоспарлы жөндеу әдетте, құрылыс маусымында (көктем-жаз-күз кезеңі) жүргізіліп, жалғасу мерзімі пайдаланылған жөндеу материалы мен ауданның климаттық сипаттамаларына байланысты болады.
      Aпатты жөндеу ЖКО орын алуына себепкер болуы мүмкін КЖЖ жол жабындары мен элементтерінің бүлінуі кезінде жыл бойы жүргізіледі. Aпатты жөндеуге табиғи сипаттағы аздаған бүліну құбылыстарынан (КЖЖ элементінің жергілікті шайылып кетуі, найзағай түсу, қар түскенде КЖЖ конструкцияларының жергілікті қатуы) кейін (салдарынан) зақымдалған КЖЖ элементтерін, сондай-ақ техногенді сипаттағы бүлінулерді (өрт, техногенді сарқынды су басу) және ЖКО кейін ретке келтіру жұмыстары жатады.
      22. Aғымдағы жөндеу КЖЖ барлық конструктивті элементтері (жол негізінен басқа) бойынша, соның ішінде жөнделіп отырған КЖЖ жекелеген учаскелерінде кешенді жүргізіледі.
      23. Көше-жол желісінің КЖЖ ағымдағы жоспарлы жөндеу негізінен, көктем-жаз-күз мезгілдерінде орындалады. Aлайда, тиісті заманауи технологиялар мен тиісті жол-құрылыс материалдары болған жағдайда қала көшелеріндегі жекелеген жұмыс түрлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген технологиялар бойынша қыста да орындалуы мүмкін.
      24. Aғымдағы жөндеуге жататынКЖЖ элементтерінің жол белгілеулерін салу жұмыстары асфальт-бетон жабынын қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқталған соң әкімшілік полиция бекіткен қозғалыстың ұйымдастырылу схемаларына сәйкес жүргізіледі.
      25. Көктем-жаз-күз кезеңінде көше-жол желісінің жағдайы қала көшелері мен олардың техникалық және көлік-пайдалану сипаттамаларына қойылатын нормативтік талаптарға сай келу тиіс. Осы талаптар орындалуы үшін қала көшелерін пайдалану барысында туындайтын ақауларды жою шаралары әрдайым жүргізіліп тұру қажет.
      26. Қала көшелері мен жол құрылыстарының көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
      1) жер қабатының беті және су бұру бойынша:
      - жер қабатындағы, су бұрудағы, резервтердегі, қорғайтын, нығайтатын және ретке келтіретін құрылыстардағы жекелеген ұсақ зақымдарды ретке келтіру;
      - көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу, кесіп алу және жол жиектерін жоспарлау.
      2) жол жамылғылары бойынша, оның ішінде:
      а) асфальт-бетон жабыны бойынша:
      - ұсақ ақаулар мен зақымдануларды жою (кетіктерді жамау, басылып қалған тұстарын толтыру), жиектерді, ауданы 1 м2 дейінгі жалғыз шағын томпиған тұстарды ретке келтіру, жабындардағы жарықтарды бітеу, жол жабындарындаңғы шұңқыршаларды жөндеу, жолтабандарды кетіру;
      - асфальт-бетон және цементбетон жабындардың қабыршақтанған тұстарына эмульсия-минералды қоспалардан қорғайтын қабаттар жасау және бояу;
      - жарылған жерлердегі тарамдалулар мен тегіс емес жерлерді жолтабандармен жүріп отырып ішінара фрезерлеу немесе сылып алу, жолтабандарға қара шағыл немесе асфальт-бетон толтыру және жабынның бүкіл еніне эмульсия-минералды қоспадан қорғайтын қабат жасау;
      - жергілікті карталар бойынша, беткі қабатқа арналған майда түйірлі өңдеумен оқшаулайтын қабат жасай отырып, жарықтар мен жарықтар өрмегінің үлкеюін тоқтату және алдын алу;
      - асфальт-бетон жабындарының тозған беткі қабатын қалыпқа келтіру және оларды жолдардың аздаған бөлігіне ұзыннан қайта төсеу;
      - томпиған және ішінара топырағы бар жол учаскелеріне күтім жасау, оларды уақытұша қоршау, ауа воронкаларын жасау және үю, жол жабыны мен жер қабатынан үстінен судың ағып кетуін қамтамасыз ету;
      - алдымен фрезерлеп немесе тозығы жеткенін қазып алып тастап, орнына жаңа қабатты төсеп, тротуарлардағы жабындарды шұңқырлы жөндеу.
      27. Aсфальт-бетон жабынын шұңқырлы құрамын жөндеуге КЖЖ "карталармен" жөндеу кіреді, оның ішінде:
      - талап етілетін тегістілік пен кедірдің қамтамасыз етілуімен жол жамылғысының тозған жоғарғы қабатын қалыпқа келтіру;
      - жол жабынын шұңқырлы жөндеу, бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жабынның бүкіл енінен міндетті түрде фрезерлеу жасап, жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыра отырып, көлік жүретін бөліктегі жолтабандар мен тегіссіздіктерді жою, жылжып кетуге төзімді және тозғақ жаңа асфальт-бетон қабатын төсеу кіреді.
      а) көпір жабындары бойынша:
      - қажет болған жағдайда бүлінген плиткалар мен тас төсеуішті ауыстыра отырып, плиткадан және тас төсеуіштен жасалған көпір жабындарын жөндеу.
      б) қолдан жасалған инженерлік жол құрылыстары бойынша:
      - кішігірім зақымдануларды, құрылыстың жекелеген элементтерін (тіреу бөліктердің, таяныштардың, бөгет болатын қоршаулардың, төсемдердің, тұғырлардың, қиғаш тетіктердің, дуал қабырғаларының, дренаж құрылғыларының және т.с.с.) түзеу;
      - сызаттарды, соғылған жерлерді және конструкциялардағы жалаң арматураны торкреттеу, қалауларды, сылақты жөндеу, шегендеулерді ішінара ауыстыру;
      - шұңқырлар арқылы өтетін көлік пен адамдарға арналған көпірлерді ауыстыру және түзеу;
      - көпірлердің көлік жүретін тұсындағы, жол өтпелеріндегі жабынды шұңқырлы жөндеу, жабындардағы жарықтарды бітеу;
      - өтпелі плиталар мен открылоктар түйісетін жердегі тораптарды герметиктеу;
      - деформацияланған тігістерге ұсақ жөндеу жүргізу;
      - деформацияланған тігістердегі болттарды тартып, ағылуды жою;
      - ескі мастиканы тазалап барып, деформацияланған тігістерге мастика жағу;
      - деформацияланған тігістерге тайғақ беттерді жалғап дәнекерлеу (жұлынған жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;
      - деформацияланған тігістердің механизмдері мен конструкцияларына ұсақ жөндеу жүргізу;
      - деформацияланған тігістердің қасындағы немесе тігістердің үстіндегі жабындарды ауыстыру;
      - тротуарлардың асфальт-бетон жабындарындағы жарықтар мен шұңқыршаларды бітеу;
      - тротуарлардың цементбетон жабынындағы шұңқыршалар мен жарықтарды бітеу;
      - таяныш қоршауының сырланатын қабатының жергілікті тұстарын қалыпқа келтіру (үстінен бояу);
      - көлік жүретін бөлігіндегі ернеу қоршауына белгілеулер салу;
      - көлік жолдарының жоғарғы жағынан өтетін жол өтпелерінің қасбет арқалықтарының астына тігінен орналасқан белгілеулер салу;
      - көлік жолдарының жоғарғы жағынан өтетін жол өтпелерінің тіреулеріне тігінен орналасқан белгілеулер салу;
      - нығайтқыштың бетон плиталарының арасына цемент ертіндісін құйып өту;
      - құбырлардың, бастиектердің, құлама қанаттарының жекелеген зақымдалған буындарын ауыстыру және жөндеу, арналардың кіретін және шығатын жерлерін нығайту, құбырлардың лотоктарын түзеу, тасталған тасты қалыпқа келтіру;
      - буындары мен секцияларының арасындағы тігістерді бітеп және тығындап, құбырлардың гидрооқшаулауын жөндеу;
      - үйінділер және түзеткіш құрылыстары шайылған жерлерді жекелеген ретке келтіру;
      - көпір үйіндімен түйіскен жерлердегі су шайған шұқырларды құйып, осы жерлердегі суды кетіру;
      - тіреулердің қасындағы ашылған воронкаларды бітеу.
      в) көшелерді жабдықтау және көріктендіру бойынша, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру нысандары бойынша:
      - қызметі аяқталған тік және көлденең белгілеулерді, соның ішінде жолдың жасанды инженерлік құрылыстарындағы элементтердегі белгілеулерді алып тастау, тозғандарын қалыпқа келтіру және жаңадан жасау;
      - зақымдалғанын түзеу және моральді ескіргендерін ауыстыру, сондай-ақ жетіспейтін жол қоршауларын, жол белгілерін қайта орнату;
      - жаяу жүргіншілер қоршаулары мен тротуар бағандарының металл бағыттауыштарының зақымдалған тұстарын жою;
      - зақымдалған бағандар ауыстырылу, ал жетіспейтіндері қалыпқа келтірілу керек;
      - жол қозғалысын ұйымдастыратын, көлік жолына орнатылған және паспортта тіркелген зақымдалған (жетіспейтін) техникалық құралдарды ауыстыру (қалыпқа келтіру);
      - жекелеген зақымдануларды, жөнсіздіктерді түзеу және шағын сәулеттік безендіру және көріктендіру элементтерін сырлау;
      - тіреуші қабырғалардың қаптауын, соның ішінде стационарлы гүлзарлардың, су бұрқақтардың тіреуші қабырғаларының қаптауын жөндеу;
      - жан-жағы ашық үйшіктердің, отырғыштардың тозған жерлерін жөндеу және сырлау;
      - қозғалыс ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру нысандарың жекелеген зақымданулары мен жөнсіздіктерін түзеу, ИКЖ зияткерлік көлік жүйесі нысандары мен жабдықтарының, соның ішінде жол шетіндегі жабдықтардың, дербес жұмыс станцияларының, Орталық басқару пунктінің (ОБП), байланыс құралдарының, ОБП-нің серверлік, желілік және бейне жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін паспорттық деректердің талаптарына сай жоспарлы жөндеу, ауыстыру.
      г) жөндеу, соның ішінде ЖКО кейін:
      - көшедегі жарықтандырудың металл тіреулерін, жарықтандырудың кабельдік линиясын, жарық беру арматурасын жөндеп, паспорттық деректердің талаптарына сәйкес әуе линиясының сымдары мен созбаларын, ағымдағы жөндеу көлемінде көшеге жарық берілуді басқару автоматикасы мен телемеханикасын қатар ауыстыру, соның ішінде зақымдалған және жөндеуге, қалыпқа келтіруге келмейтін тораптар мен агрегаттарды ревизиялау және ауыстыру;
      - көшеге жарық беретін моральды және физикалық тозған элементтерді қызмет ету мерзіміне сәйкес ауыстыру;
      - тротуар мен көшенің көлік жүретін бөлігі арасындағы аумақтың жалпы ауданының бөлігіндегі газонды жөндеу.
      д) КЖЖ өзге конструктивтік элементтері мен көріктендіру элементтері бойынша:
      - жаңа негіз бен құрсама жасап, отырып қалған немесе шағылған жиек (ернеу) тастың жоспары мен бейінін (кеңістіктегі орналасымын) түзету, сондай-ақ жабындардың барлық түрлеріне, жалпы ұзындығының, соның ішінде ЖКО мен шайылудан кейін жаңасын (қажет болса) орната отырып, жиек (ернеу) тастың жекелеген бүлінген тұстарын ауыстыру;
      - жалпы ұзындығының, соның ішінде ЖКО мен шайылудан кейін жекелеген жиек (ернеу) тастың цементбетон тіреулерін жөндеу;
      - қоғамдық көліктер тоқтайтын аймақтардағы жасанды тас материалдарынан жасалған жиек тастарды (ернеулерді) маусымдық сырлау;
      - жұмыс істемейтін (иесіз) құдықтарды қоса алғанда, құдық люктарын жол жабынының деңгейімен бір деңгейге теңестіру;
      - су құйылатын құдықтардың торларын жол жабынының деңгейімен бір деңгейге теңестіру;
      - трамвай жолдарымен, көпір құрылыстарының деформацияланатын тігістерімен, құдықтардың люктарымен және нөсерлі жауын ағатын торлармен беттескен жерлердегі жол жабынын жөндеу;
      - жол жабындарындағы жарықтарды битуммен және битум мастикалармен бітеу (құю);
      - жол жабындарын сіңіргіш герметиктеу құрамдармен өңдеу;
      - жолдың жағасына төсем төгу және нығайту;
      - бетоннан жасалған бөгет қоршаулардағы зақымдануларды жою (қажет болған жағдайда сырлап);
      - су өткізетін құбырлардың беті мен түйіспелерін жөндеу;
      - ашық типті жол жиегіндегі және арық желісін жөндеу;
      - су шайған шұқырларды төсем төсеп, құламаларды жөндеу.
      28. КЖЖ жол белгілеулерін салу жұмыстары ағымдағы жөндеуге кіреді және осы жөндеудің аясында жұмыстың келесі түрлері орындалады:
      1) сырт көзбен қарап тексеру;
      2) ақаулық актіне сәйкес тозған жол белгілеуін қайта таңбалау немесе жол қозғалысының ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты қайта таңбалау;
      - бояларды;
      - термопластиктер мен суық пластиктерді;
      - түрлі түсті жабындарды, соның ішінде сырғанауға қарсы жабындарды қолдана отырып, жол белгілеулерін салу.
      29. Сапа бақылау жұмыстарын орындау:
      1) орындалған жұмыстардың сапасын бағалау, жөндеу үшін пайдаланылған жол-құрылыс материалдарын зертханалық сынау, асфальт-бетон қоспалары мен жол жабыны үлгілерін зертханалық сынау, жол жабынының ұстасу коэффициенті мен тегістігін өлшеу.
      30. Aғымдағы жөндеу кезінде орындалатын жол жамылғысын және КЖЖ басқа да нысандарын апатты жөндеу жұмыстарының тізбесі:
      1) жол жамылғысының апатты ойылып түскен жерлерін уақытша қоршау;
      2) ойылып түскен жерлерді, ойықтарды, басылып қалған және томпиған жерлерді жою;
      3) суық битум-минералды қоспаларды қолдана отырып, шұңқыршаларды апатты бітеу;
      4) бүлінген иесіз металл люктарды, су құйылатын құдықтардың металл торларын жаңа түрлеріне апатты ауыстыру;
      5) ашық типті жол шетіндегі-арық желісі мен су өткізетін құбырлар шайылып кеткеннен кейін апатты жөндеу;
      6) ЖКО кезінде металдан жасалған бөгет қоршаулар мен тротуарлық бағандардың зақымдалған сегменттерін сырлап немесе жаңасына ауыстырып, апатты түзеу;
      7) қозғалыс жылдамдығын бақылайтын және реттейтін зияткерлік көлік жүйесінің (ЗКЖ) және бағдаршам нысандарының элементтерін апатты (жоспардан тыс, оның ішінде ЖКО кейін) жөндеу;
      8) жарық беру арматурасын, кронштейндерді, сымдар мен созылымдарды, кабельді, басқару шкафтарын апатты ауыстырып, аппараттарды, панельдер мен қаңқаларды, автоматика мен телемеханиканы ауыстыру, әуе линиясы, сыртқы жарықтандыру бөлшектерін ауыстыра отырып, апатты, соның ішінде ЖКО кейін зақымдалған көшедегі жарықтандырудың, шырақтардың металл тіреулерін ауыстыру.

4. Қаладағы жолдар мен жол құрылыстарын орташа жөндеу

      31. Орташа жөндеу жол қозғалысының ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты қала көшесінің, жол құрылыстарының бастапқы кездегі пайдалану сапасының қалыпқа келтірілуіне байланысты жұмыстардың мерзімді орындалуын көздейді және қала жолындағы жол жамылғысының
      32. Орташа жөндеу кезінде тозу қабаты мен жол жабынының тегістілігі уақыт өте келе қалыпқа келтіріліп тұрады. Сонымен қатар жер төсемінің, су бұрудың, жасанды, қорғайтын, нығайтқыш, ретке келтіретін және басқа да жол құрылыстарын түзеу, жол қиылыстары шегінде немесе оған жақындайтын тұста кеңейту немесе тарылту, көлік тұрақтарын, аялдамалық орындар мен алаңқайлар, тротуарлар және велосипед жолдарын жасау. Орташа жөндеу бойынша жұмыс көлемі қала көшелеріндегі КЖЖ көлік-пайдалану жағдайын диагностикалау нәтижелері мен ақаулықтар ведомостарының негізінде сметалық есеппен анықталады.
      33. Қалалық жолдар мен жол құрылыстарына орташа жөндеу жүргізу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
      1)жер қабаты мен су бұру бойынша:
      - жер қабатының беткі сулар жиналатын кішігірім жерлерін ұзына бойына жоғары көтеру және кеңейту, жол қиылысы шегінде және оған жақындаған жерде жол жабынын кеңейту немесе тарылту, көлік тұрақтарын, аялдамалық орындар мен алаңқайлар, тротуарлар және велосипед жолдарын жасау, томпиған тұстарды кетіру;
      - қолданыстағы су бұру жыраларын тазалау, лотоктарды толықтай ауыстырып, жол шетіндегі-арық ашық жүйені жөндеу, жаңа жыраларды қазу, үйінді мен қуыстардағы құламалардың еңісін азайту және зақымдалған жерлерін түзеу, дренажды, қорғайтын және нығайтқыш құрылғыларды, көпірлер мен құбырлардың қасындағы су бұру құрылыстары мен бұратын арналарды түзеу, шөп отырғызу;
      - орнықты дерн жамылғысын құру бойынша қажетті агротехникалық шаралар жүргізе отырып, жер қабатының құламалары мен резервтерге шөп отырғызу, опырылымдарды, көшкіндер мен селмен келген қоқыстарды тазалау; жиектерге төсем төсеу, сыдырып алу, жоспарлау және нығайту.
      2) жол жамылғылары бойынша:
      - күрделі жабындардың көлік жүретін бөлігіндегі жолтабандар мен тегіссіздікті жойып, бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жабынның бүкіл еніне жылжуға төзімді және тозғақ асфальт-бетоннан жасалған жаңа қабатты төсеп, міндетті фрезерлеп, жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыру;
      - жетілдірілген жабынның тозған беткі қабаттарын қалыпқа келтіру және жол қиылыстарының шегі мен оған жақындайтын тұста жол негізінің кеңейген жеріне, көлік тұрақтарына, аялдамалық орындар мен алаңқайларға, тротуарларға, велосипед жолдарына және томпиған тұстарға жол жамылғысын төсеу, төселіп тұрған жол жамылғысын алып тастап, қажет болған жағдайда топырақты құрылғымен бетін өңдеп, тұрақтандыру;
      - жолтабандары, төмпешігі, тарамдалуы бар жетілдірілген жабынды жаңа материал қосып, қайлалау немесе регенерациялау;
      - жөнделетін учаскелердегі көлік жүретін бөлікті белгілеу.
      3) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:
      - деформацияланған тігістердің астындағы су бұру лотогын қалыпқа келтіру; су бұру түтіктерін жөндеу;
      - гидрооқшаулау тротуармен беттесетін жердегі жабынға тігістер орнату және оларға мастика құю;
      - су бұру түтіктерінің қасындағы оқшаулауды жөндеу;
      - опырылу 10 сантиметрден артық болса, көпір үйіндімен беттесетін тораптарды жөндеу;
      - көпірлердің шеткі арқалықтарын ауыстыру;
      - тротуар плиталарын ауыстыру;
      - жол жамылғысын қалыпқа келтіре отырып, өтпелі плиталардың жекелеген ығыспаларын жою;
      - плиталар ашылып, шайылған уақытта өтпелі плиталардың астына топырақ төгу;
      - болат элементтері бар деформациялық тігістердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
      - жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған уақытта жабық типті деформациялық тігістерді мастикалық және резеңке толтырғышпен ауыстыру;
      - тротуарлардағы деформациялық тігістерді ауыстыру;
      - тротуар жабынын тегістеу, жаңа жабын құру;
      - тротуар блоктарындағы үлкен тесіктерді бітеу, тротуарлардың қасбетін қорғайтын жабынмен өңдеу;
      - тротуар блоктарындағы жекелеген соғылған жерлер мен жарықтарды жою;
      - тротуар блоктарының түйіспелерін соғу және оқшаулау;
      - тротуарларды қалыпқа келтіру, жекелеген зақымдалған блоктарды күшейту немесе ауыстыру;
      - тротуар плиталарының ойылған жерлерін жою;
      - оқшаулау жасау немесе тротуарларға асфальт-бетон төсеу;
      - жекелеген секцияларды жөндеу, таяныштардың жекелеген тұғырларының анкерленуін күшейту;
      - көпір құрылғысының бүкіл ұзындығымен немесе ұзындығының бір бөлігінде таяныштарды ауыстыру;
      - таяныштарды бүкіл ұзындығымен сырлау;
      - таяныш тұғырларының тораптарын анкерлеуге ауыстыру;
      - конструкциялардың бүкіл бетон беттерін (плиталарды, арқалықтардың қабырғаларын, аркаларды және басқа да элементтерді) гидрофобизациялау немесе бояу;
      - диафрагмалардың түйіспелерін жөндеу;
      - көпірлер мен жол өтпелерді ішінара қайта құру немесе жөндеу, сонымен қатар габариттері мен есептелген жүктемесін техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген нормаға дейін, тиісті техникалық санатқа дейін жеткізіп, су өткізгіш құбырларды толықтай немесе ішінара қайта құру;
      - көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (ең шеткі арқалықтарды ауыстыру, төсемдерді, арқалық клеткаларын, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды түзеу, тас немесе басқа да әрлеуді жасау немесе жөндеу және т.с.с.);
      - алдын ала кернелген темірбетон және металдан жасалған аралық құрылымдардағы құрылыстық көтерілуді бақылау;
      - көпір құрылысының көлік жүретін жеріндегі жабындарды қалпына келтіру немесе ауыстыру;
      - тротуар блоктарындағы қуыстарды бітеу, тротуарларға жабын төсеу; қоршаулардың жөндеу немесе реконструкциялау;
      - материалдар мен конструкцияларды ауыстыра отырып, деформациялық тігістерді жөндеу;
      - гидрооқшаулауды жөндеу;
      - тротуарларды, таяныштарды, ернеулерді жөндеу және ауыстыру;
      - көпірдің көлік жүретін бөлігіндегі су бұруды жақсарту, су бұру түтіктері мен терезелерді ауыстыру;
      - темірбетон конструкциялардың қасбет бетін гидрооқшаулау, басты арқалықтардың бетін сырлау;
      - жарықтардың бетін герметиктеу, ойықтарды, соғылған жерлерді жамау, көпірдің
      темірбетон элементтерінің қорғайтын қабатын қалыпқа келтіру;
      - металл аралық құрылымдарды тұтас бояу;
      - арқалықтардың бірігулерін өзара біріктіру;
      - өтпелі плиталарды ауыстыра отырып, дренаж бен су бұруды, көпір мен үйінді түйіскен жерлерді жөндеу;
      - жер қабаты мен ретке келтіру құрылыстарының құламалардағы күшейтпелерін жөндеу;
      - тіреулер мен реттеу құрылыстарының қасындағы су шайған шұқырларды жою;
      - металдан жасалған аралық құрылымдардағы жекелеген элементтерді нығайту, фермалары өтпе көпірлердегі торшаның элементтерін дұрыстау;
      - бекітпелерді беріктілігі жоғары болттарға ауыстыру;
      - тіреу бөліктерінің жоба бойынша орналасымын қалыпқа келтіру және жөндеу;
      - тіреу алаңдарындағы төкпелерді жөндеу және қалыпқа келтіру;
      - қаптаудың тігістерін ажырату, жарықтарға ерітінді құю;
      - аралық құрылымдардың қарауға арналған құрылғылары мен тіреулерді жөндеу және қалыпқа келтіру;
      - тіреулердің мүсінін жөндеу;
      - темірбетон аралық құрылымдар сүйенетін жерлердегі тіреу бөліктерді күшейту;
      - құбырлардың жекелеген буындары мен бастиектерін ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулау мен түйіспелерді дұрыстау;
      - тіреу қабырғаларды, нығайтқыш және ретке келтіру құрылыстарын, галереялар мен қалқаларды жөндеу, сонымен қатар олардың жекелеген элементтерін ауыстыру.
      4) көшелер мен жолдарды жабдықтау және көріктендіру бойынша, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру нысандары бойынша:
      - жекелеген жаңа қоршаулар жасау, жөндеу жүретін учаскелерге жаңа жол белгілері мен бағыттаушы құрылғыларды орнату және ауыстыру (қалыпқа келтіру), қоршауларды жөндеу, соның ішінде сәулетті безендіру және жекелеген жол айырықтарын, демалыс алаңдарын, көлік тұрақтарын, көрікті жерлерді көріктендіру;
      - сигнализация, жол қозғалысын ұйымдастыру нысандарын (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық табло), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;
      - жол ақпараттық жүйелер мен кешендерді, белгілер мен жеке жобалау таблосын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтандырылған түрде басқару жүйелері мен элементтерін; дербес және қашықтықтан басқарылатын белгілерді және ақпараты ауысатын таблоны, бағдаршам нысандарын қалыпқа келтіру;
      - автомобиль жолдарын көріктендіру элементтерін (автопавильондарды, тіреуіш қабырғаларды, ақпараттық панно және басқа да құрылыстарды) жөндеу;
      34. Жолдың пайдалану жағдайының қалыпқа келуін және көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру.

5. Қала жолдары мен жол құрылыстарын күрделі жөндеу

      35. Күрделі жөндеу жол қозғалысының ұйымдастырылуындағы өзгерістермен, қозғалыс жолағы санының, жол жамылғысы мен жол құрылыстарының және т.б. артуымен байланысты жол мен жол құрылыстарының тасымал-пайдалану жағдайының арттырылуына байланысты жұмыстардың мерзімді орындалуын көздейді.
      36. Қала жолдарындағы КЖЖ мен жол құрылыстарының күрделі жөндеуіне келесі жұмыс түрлері кіреді:
      - жоба алды пысықтау;
      - жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;
      - КЖЖ көріктендірілуімен, қозғалыс қауіпсіздігінің ұйымдастырылуымен және қамтамасыз етілуімен жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу;
      - жол-жөндеу жұмыстарының сапасы мен қабылдануын бақылау.
      37. Күрделі жөндеу КЖЖ барлық құрылымдық элементтері бойынша жөнделіп отырған учаскенің бүкіл бойында кешенді жүргізілу керек. Негіздеме тиісті болған жағдайда көшелері немесе алдыңғы кезде жүргізілген күрделі жөндеудің шекаралары және КЖЖ жекелеген элементтері қиылысатын жол қиылыстарымен шектелген жекелеген учаскелеріне іріктелімді күрделі жөндеу жүргізуге болады.
      Күрделі жөндеуден өтуге жататын қала жолдарының учаскелері жөндеу арасындағы қызмет ету мерзімінің және қала жолын саймандармен диагностикалау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
      38. КЖЖ күрделі жөндеу мемлекеттік сараптамадан өткен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша орындалады. Қала жолын күрделі жөндеу жобасыКЖЖ тасымалдау-пайдалану ахуалын саймандық диагностикалау нәтижелерінің негізінде және алынған нәтижелерді талдау және бағалау негізінде әзірленеді.
      Жекелеген жағдайларда апатты жағдайлардан туындаған жұмыстар кезінде күрделі жөндеуді ақаулықтардың ведомостары және кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделген орындалатын сметалар бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.
      39. Күрделі жөндеу кезінде қала жолын жоспарда да, жолдың жалпы ұзындығынан 25 пайызға дейінгі ұзындықта ұзыннан бейінде де қайта орналастыруға және жекелеген түрде түрлендіруге рұқсат етіледі.
      40. Жоба алдындағы пысықтау төмендегі жұмыстарды қамтиды:
      - КЖЖ алдағы уақыттағы қазылуы туралы мәліметтерді нақтылау;
      - көлік ағымын мониторингтеу жүйесінің деректері мен жол-көлік шарттарының негізінде қозғалыс қарқыны мен көлік ағынының құрамын анықтау;
      - КЖЖ техникалық жағдайы бойынша Қорытынды жазу.
      41. Жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуі келесі жұмыс түрлерін қарастырады:
      1) биіктік белгілеулерінің ескерілуімен нысанның топографиялық түсірілімін жасау;
      2) талап етілетін жөндеу түрін тағайындау, жұмыс құрамы мен көлемін анықтау, диагностикалау нәтижелерінің, көлік ағынының құрамы мен қарқыны көрсеткіштерінің, жөндеу жүргізу аймақтарының (жылдамдық жолақтары, қоғамдық көлі аялдамалары, бағдаршамдардың алдында тоқтайтын учаскелер және т.с.с.) ескерілуімен материалдардың түрлері мен маркаларын таңдау;
      3) құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезең аралығына жол қозғалысының уақытша ұйымдастырылу жобаларын әзірлеу;
      4) түсініктеме жазба құра отырып, жобалау, соның ішінде есептеулер, сызбалар, схемалар мен сметалық құжаттамалар жобалау;
      5) жобалау-сметалық құжаттаманы мүдделі тараптармен және мемлекеттік органдармен келісілу, мемлекеттік сараптама жүргізу;
      6) жобалауды инженерлік және ғылыми-техникалық сүйемелдеу, күрделі жөндеу бойынша анағұрлым күрделі жұмыстарды орындау.
      42. Жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу (конструктивті элементтер мен КЖЖ көріктендіру элементтерін күрделі жөндеу), соның ішінде:
      1) жер қабаты мен су бұру бойынша:
      - жер қабатының геометриялық параметрлеріне нормаларға дейін, техникалық құжаттамамен (кеңейту, биіктету, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелену радиустарын арттыру, ұзыннан көлбеулерді жеңілдету, тік қисықтар мен вираждар орнату) бекітілген жөнделетін жұмыс үшін белгіленген тиісті техникалық санатқа дейін жеткізіп, дұрыстау, жолдың жекелеген тұстарын түзету;
      - томпиған, көшкін жүрген және опырылған учаскелерді жою, дренаждар, оқшаулайтын қабатшалар жасау және жер жабынының орнықтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар жүргізу;
      - қолданыстағы су бұру құрылғыларын, жағалауды қорғап тұратын және эрозияға қарсы құрылыстарды қалпына келтіру және қайта құру, сонымен қатар жаңасын тұрғызу;
      - қалалық жолдардың түйісулері мен қиылысуларында жер жабыны мен су бұру жүйелерін орнату;
      - қалалық жолдардың көлік жүретін бөлігінен тыс жерлерге автокөліктер тұратын орындарды, аялдамаларға арналған алаңдарды жасау;
      - жол шетіндегі резервтерді, жолдарды күрделі жөндеу жүргізілетін жұмыс аймағында орналасқан жойылатын жол учаскелерін рекультивациялау (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес);
      - су тасқынының, селдің, көшкіннің, нөсердің, сейсмикалық және басқа да дүлей апаттардың салдарын жою.
      2) жол жамылғылары бойынша, оның ішінде:
      Aсфальтбетон жабыны төселген жол жамылғылары бойынша:
      - жол жамылғыларын күшейту (қалыңдату), кеңейту және жол жамылғысының анағұрлым жетілген түрлерін орнату;
      - жол жамылғыларын қайта орнатылып (түзетіліп) отырған жол бөліктеріне қайта орнату;
      - жол жамылғыларын көлік жол айырықтарына, инженерлік құрылғыларға, тротуарларға, өтпелі және велосипед жолдарына, автобус аялдамаларына, демалыс алаңдарына және көлік тұрақтайтын орындарға орнату;
      - қажеттілігі негізделген жағдайда велосипед жолдарын орналастыру үшін негізгі қала жолының көлік жүретін бөлігін кеңейту;
      - алдымен фрезерлеп және үстіңгі қабатты, ал қажет болған жағдайда төменгі және тегістейтін қабаттарды төсеп барып, жол жамылғысы жабынының тозған қабаттарын ауыстыру;
      - көлденең бейінді алдымен түзеп барып және деформациялар мен бүлінулерді жөнге келтіріп барып, негіз ретінде жол жамылғысының қолданыстағы жабынын орнату;
      - жол жабынының қабаттарын төсемей тұрып, жарық түзілуді алдын алу шараларын жүргізу (жарықтарды бітеу, жарықты үзетін қабатшаларды және арматуралайтын материалдарды төсеу).
      3) КЖЖ конструктивтік элементтері бойынша:
      - жиекті (ернеулі) тасты қайта орнату, ауыстыру немесе орнату;
      - басқа заманауи технологиялардың қолданылуымен тіреу плиталары мен жиектемелерге орнату арқылы қарайтын құдықтардың люктарының мойын тұстарын және су қабылдау құдықтарының торларын күшейту;
      - жол жиектерін жөндеу, жол жамылғысының ауыстырылуымен велосипед жолдарын, тротуарларды, автокөліктер қоятын тұрақтарды орнату және жөндеу;
      - газонды жөндеу және қалыпқа келтіру.
      4) су бұру бойынша:
      - жаңа дренаждар орнату, ашық типті беткі су бұрудың қолданыстағы жүйелерін қалыпқа келтіру;
      - лотоктардың түгел ауыстырылуымен жол шетіндегі-арық ашық жүйесін күрделі жөндеу.
      5) Қолдан жасалған инженерлік жол құрылыстары бойынша:
      - мұндай жөндеу жұмысына (жаңа арқалықтардың қосылуысыз габаритінің кеңейтілуімен; жаңа үлкейту арқалықтардың қосылуымен және габаритінің кеңейтілуімен және ригельдің күшейтілуімен; габариттің күшейтілуімен, бір жақтан немесе екі жақтан жаңа үлкейту тіреу арқалықтарының қосылуымен көпірге жөндеу жүргізу) бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес габариттері мен көтергіш қабілеттерінің есептелген жүктемеге жеткізілуімен көпірлерді, соның ішінде жаяу жүргіншілер көпірлерін, жол өтпелерін жасау, нығайтып және кеңейтіп, толықтай немесе ішінара қайта құру;
      - бас арқалықтар мен металл көпір фермаларының элементтерін түзеу және күшейту;
      - металдан жасалған аралық құрылымдарды ауыстыру;
      - көпір құрылысының көлік жүретін бөлігін ауыстыру;
      - су өткізу құбырын орнату және қайта құру;
      - буындарды, бастиектерді және құбырлардың күшейтуін ауыстыру;
      - құбырлардың зақымдалған сақиналарын ауыстыру;
      - жаңа құдықтар мен бастиектердің есебінен құбырды ұзарту;
      - жүзгін көпірлерді, паромды тасымалдаушыларды, теміржол өтпелерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерге ауыстыру;
      - тіреу қабырғалар, қорғайтын нығайтқыш және реттейтін құрылыстар орнату;
      - құрылысы қайта салынған және қайта құрылған көпірлерді сынау;
      - тау жолдарындағы тоннельдердің, қорғайтын галереялар мен қалқалардың конструктивті элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақтыға ауыстыру;
      - баспалдақтарды, тіреу қабырғаларды жөндеу, оның ішінде олардың конструкцияларын анағұрлым жетілдірілген түрлеріне өзгерту.
      6) инженерлік коммуникациялар бойынша:
      - техникалық шарттарға сәйкес жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларды қайта орнату.
      7) жолдарды көріктендіру және жабдықтау, КЖЖ көріктендіру, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша:
      - бір және бірнеше деңгейде қалалық жолдарға бүкіл жол бойына немесе оның учаскелерінде жаңа қиылыстар мен түйіспелер, сонымен қатар жекелеген өтпелер, түсетін жолдар мен вираждар, қызмет көрсететін қалалық жолдарға, жол қызметінің ғимараттарына көлікпен жақындайтын жолдар орнату және қолданыстағыларын қайта орнату;
      - жетіспейтін тротуарларды орнату, аялдама, отыру алаңдарын, қоғамдық көлік автопавильондарын, қауіпсіздік аралдарын, автокөліктер тоқтайтын немесе аялдайтын т алаңдар, жаяу жүргіншілер жолдарын (соның ішінде әртүрлі деңгейдегі), сондай-ақ елді мекендер шегінде өтетін тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарын орнату;
      - жаңа уақытша айналып өту жолдарын орнату немесе қолданыстағыларын қайта орнату, жөндеу кезеңіне арналған уақытша айналып өту жолдарын құру немесе дүлей апат салдарынан бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру;
      - қала көшелерінің қиылыстарында және темір жол қиылыстарында орналасқан қозғалысты ұйымдастырудың және реттеудің жаңа техникалық құралдарын орнату (монтаждау);
      - мемлекеттік меншіктегі және қала аумағы мен КЖЖ суаруға арналған су құбыры желілері мен ұңғымаларын жөндеу;
      - паспорттық деректерінің талаптарына сай электр жабдығын, сыртқы жарықтандыру жабдығын, су бұрқақтарды жөндеу;
      - заманауи техника құралдары мен басқару технологияларын пайдалана отырып, паспорттық деректерінің талаптарына сәйкес зияткерлік тасымалдау жүйесінің(ИКЖ) жабдықтарын жөндеу жәнежоспарлы ауыстыру;
      - көпірлер мен паром өткелдеріне, жол линиялық (телетайпты немесе радио) байланыс құрылғылары мен басқа да технологиялық байланыс құралдарына электр жарығын орнату және жөндеу;
      - қозғалыс есебін жүргізетін пункттер, қар өлшеу және су өлшеу посттарын және жұмысты, жолды, оның жекелеген элементтерін, құрылыстарды және ол арқылы өтетін көлік ағымын зерттеу үшін қажет басқа да құрылғыларды орнату және жөндеу;
      - металдан жасалған бөгет қоршауларды күрделі жөндеу, соның ішінде блоктарды, плиталарды ауыстыра отырып және қорғайтын-сәндік жабынды қалпына келтіре отырып, бетоннан жасалған бөгет қоршауларды ("Нью-Джерси" типті және т.б.) күрделі жөндеу;
      - нормативтік қызмет ету мерзімін атқарып болған жол қозғалысын ұйымдастыратын техникалық құралдарды жөндеу немесе жоспарлы ауыстыру;
      - күрделі жөндеу жүргізілетін учаскелердегі бағыттауыш құрылғылар мен жол белгілерін жөндеу, ауыстыру немесе орнату;
      - шуылдан қорғайтын экрандарды (қабырғаларды) күрделі жөндеу және ауыстыру;
      - жолды жасанды түрде тегіссіз ету;
      - жол жолақтарының арасын бөліп тұратын жерлердегі және газондардағы жасыл желектерді қалпына келтіру және (немесе) егу;
      - күрделі жөндеу кезеңіне арналып уақытша жол белгілеуін жасау және алып тастау;
      - жол жамылғысы ауыстырылған соң жол белгілеуі сызықтарын жасау;
      - қала жолдарын немесе олардың жекелеген бөліктерін сәулеттік рәсімдеу және көріктендіру;
      - көлік жолында күрделі жөндеу жүргізілетін уақытта уақытша жол белгілерін (уақытша бағдаршам нысандарын) орнату, жұмыстар аяқталған соң белгілерді (бағдаршам нысандарын) демонтаждау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады