"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 мамырдағы N 173 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 маусымда N 3783 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 15.05.2019 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 173 қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.

      "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандару шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына (мақұлдаған жағдайда) субсидия қаражатын аудару.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну болып табылады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш;

      2) кредит берудің мүмкіндігі туралы кредитордың оң шешімі бар хатты;

      3) кепілдік беру/сақтандыру туралы кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының хаты.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қағаз тасығышта өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы пошталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын пошта ұйымының белгісі болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1-кезең:

      1) оператордың кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді, оны оператордың басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      2) оператордың басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын оператордың жауапты орындаушысына тапсырады – 2 (екі) сағат;

      3) оператордың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған соң мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      қарыз алушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады – 1 (бір) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушының және оның кредитінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді – 1 (бір) жұмыс күні;

      Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді – 1 (бір) жұмыс күні;

      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия төрағасының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды– 1 (бір) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді – 1 (бір) жұмыс күні.

      4) Комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия отырысының хаттамасы түрінде қабылдайды, хаттаманы оператордың жауапты орындаушысына жібереді – Комиссия отырысы күні;

      5) оператордың жауапты орындаушысы Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні;

      2-кезең:

      6) көрсетілетін қызметті беруші оң шешімі бар Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кепіл бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен не сақтандыруды субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы сақтандыру ұйыммен шарт жасасады – 5 (бес) жұмыс күні;

      7) кепіл беруші кредиттің бір бөлігін кепілдендіру шартына және сақтандыру ұйымының сақтандыру шартына қол қоюы және оны кредиторға жіберу – 5 (бес) жұмыс күні;

      8) кредитор кепілдендіру шартына қол қою және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін беру – кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні;

      9) кредитор сақтандыру шартына қол қояды, көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор мыналарды жолдайды –5 (бес) жұмыс күні:

      сақтандыру ұйымына кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін;

      кепіл берушіге кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін.

      11) сақтандыру ұйымы 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:

      сақтандыру ұйымы растаған кредитор, сақтандыру ұйымы және көрсетілетін қызметті алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмелерін;

      көрсетілетін қызметті алушымен сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;

      кредитор растаған кредитор мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы қарыз шартының көшірмелерін;

      кредитор растаған көрсетілетін қызметті алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін.

      12) кепіл беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:

      кепіл беруші растаған кредитор, кепіл беруші және көрсетілетін қызметті алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмелерін;

      көрсетілетін қызметті алушының кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;

      13) операторды жауапты орындаушысы кепіл беруші/сақтандыру ұйымымен ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті хатты жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;

      14) көрсетілетін қызметті беруші – 5 (бес) жұмыс күні;

      сақтандыру ұйымының шотына субсидияларды аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте сақтандыру сомасы кредит сомасынан 50 (елу) пайыздан астам бола алмайды, ал сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасынан 20 (жиырма) пайыздан астам бола алмайды;

      кепіл берушінің шотына субсидияларды аударуды жүзеге асырады. Кредитті кепілдендіру кезінде 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі кепілдік бойынша комиссия субсидияланады, бұл ретте субсидияның ең жоғары көлемі кепілдік көлемінің субсидияланатын бөлігінің 3 (үш) пайызынан аспауы тиіс.

      7. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;

      2) оператор басшысының қарары;

      3) оператордың жауапты орындаушысын айқындау;

      4) Комиссия отырысының хаттамасы;

      5) Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;

      6) кепіл бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен не сақтандыруды субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы сақтандыру ұйыммен жасасқан шарт;

      7) кредиттің бір бөлігін кепілдендіру шарты және сақтандыру шарты;

      8) көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған кепілдендіру шарты;

      9) көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шарты, көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беру;

      10) кредитормен қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге және сақтандыру ұйымына жіберу;

      11) көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтер;

      12) қарыз берушіге кредит беру және кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтер;

      13) көрсетілетін қызметті берушіге оператордың хаты;

      14) сақтандыру ұйымының шотына субсидияларды аудару, кепіл берушінің шотына субсидияларды аудару.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

      1) оператордың кеңсе қызметкері;

      2) оператордың басшысы;

      3) оператордың жауапты орындаушысы;

      4) Комиссия;

      5) кепіл беруші;

      6) кредитор;

      7) сақтандыру ұйымы;

      8) көрсетілетін қызметті беруші.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1-кезең:

      1) оператордың кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді, оны оператордың басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      2) оператордың басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын оператордың жауапты орындаушысына тапсырады – 2 (екі) сағат;

      3) оператордың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      қарыз алушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

      көрсетілетін қызметті алушының және оның кредитінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;

      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия төрағасының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;

      қарыз алушылардың өтініштерін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.

      4) Комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия отырысының хаттамасы түрінде қабылдайды – Комиссия отырысы күні;

      5) оператордың жауапты орындаушысы Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні;

      2-кезең:

      6) көрсетілетін қызметті беруші оң шешімі бар Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кепіл бойынша комиссияны субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы кепіл берушімен не сақтандыруды субсидиялау шарттары мен тәртібі туралы сақтандыру ұйыммен шарт жасасады – 5 (бес) жұмыс күні;

      7) кепіл беруші кредиттің бір бөлігін кепілдендіру шартына және сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартына қол қою және оны кредиторға жіберу – 5 (бес) жұмыс күні;

      8) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартына қол қою және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін беру – кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні;

      9) кредитор сақтандыру шартына қол қояды, көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор мыналарды жолдайды –5 (бес) жұмыс күні:

      сақтандыру ұйымына кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін;

      кепіл берушіге кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін.

      11) сақтандыру ұйымы 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:

      сақтандыру ұйымы растаған кредитор, сақтандыру ұйымы және көрсетілетін қызметті алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмелерін;

      көрсетілетін қызметті алушымен сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;

      кредитор растаған кредитор мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы қарыз шартының көшірмелерін;

      кредитор растаған көрсетілетін қызметті алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін.

      12) кепіл беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:

      кепіл беруші растаған кредитор, кепіл беруші және көрсетілетін қызметті алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмелерін;

      көрсетілетін қызметті алушының кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;

      кредитор растаған кредитор мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы қарыз шартының көшірмелерін;

      кредитор растаған көрсетілетін қызметті алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін.

      13) оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті хатты жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;

      14) көрсетілетін қызметті беруші – 5 (бес) жұмыс күні;

      сақтандыру ұйымының шотына субсидияларды аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте сақтандыру сомасы кредит сомасынан 50 (елу) пайыздан астам бола алмайды, ал сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасынан 20 (жиырма) пайыздан астам бола алмайды;

      кепіл берушінің шотына субсидияларды аударуды жүзеге асырады. Кредитті кепілдендіру кезінде 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі кепілдік бойынша комиссия субсидияланады, бұл ретте субсидияның ең жоғары көлемі кепілдік көлемінің субсидияланатын бөлігінің 3 (үш) пайызынан аспауы тиіс.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдар рәсімдерінің (іс-қимылдарының) сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 19.12.2018 № 365 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

      Нысан

      Кімге _________________________
(өтініш жолданатын
_______________________________
ұйымының атауы)

      Өтініш

      Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігіне субсидия төлеуді сұраймын (қажеттінің астын сызу):

р/с

Деректер көзі

Қажетті мәлімет

Деректер

1

2

3

4

1.

Толық атауы

2.

Меншік түрі

3.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмері

тіркеу күні

атауы

орналасқан жері
(заңды, нақты және электрондық мекенжайы, телефондары, факсы)

мемлекеттік тіркеу күні

кім берді

4.

Жеке басты куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі

жеке сәйкестіндіру нөмірі

кім берді

берілген күні

5.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері

тіркеу күні

кім берді

6.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс және үй телефондары

7.

Құрылтайшылар

Заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты, (жеке басты куәлаландыратын құжатта бар болса)

8.

Өтініш берушінің банктік деректемелері

жеке сәйкестіндіру нөмірі /бизнес-сәйкестіндіру нөмірі

жеке сәйкестіндіру коды

банктің атауы

бизнес-сәйкестіндіру коды

9.

Негізгі қызмет түрі

10.

Кредит (лизинг) сомасы, теңге / АҚШ доллары / евро

11.

Кредит (лизинг) беру мерзімі, ай

12.

Кепілдендіру/сақтандыру сомасының мөлшері, теңге / АҚШ доллары / евро

13.

Кредиттің нысаналы мақсаты

      Бірінші басшы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (лауазымы) (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны 20__ж. "___" _______________

      (бар болса)

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      Кестенің жалғасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады