"Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VІ шақырылымы ІІ сессиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3758 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2016 жылғы 27 мамырдағы "Северный Казахстан" газетінде" жарияланған).
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ІІІ сессиясының төрағасы |
А.Асанова |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В.Бубенко |
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешіміне қосымша |