Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы N 7/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда N 3964 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
VІІ сессиясының төрағасы
Ғ. Бөстекова
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/4 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысында Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы

Жалпы ережелер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 26.12.2023 № 10/2( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Электр энергетикасы туралы", "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген)(бұдан әрі - жылу энергиясын пайдалану қағидалары), "Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15941 болып тіркелген), "Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11066 болып тіркелген), Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағида жылыту маусымының өтуі кезінде облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарының қызметін үйлестіреді.

      3. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарының негізгі міндеттері тұтынушыларды тұрақты жылу, су, электр, газ және отынмен жабдықтауды қамтамасыз ету, энергия тасымалдағыштардың қажетті параметрлерін қолдау және ғимараттарда, олардың белгісі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып нормативті температуралық режимді қамтамасыз ету болып табылады.

2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар

      4. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

      1) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін құралдар мен құрылғылар жүйесі;

      2) жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған техникалық құрылғы;

      3) жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;

      4) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      5) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;

      7) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      8) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы – басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың меншік иесі болып табылмайтын, уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы;

      9) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      10) теңгерімдік тиесілік – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға немесе тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде жабдықтың және (немесе) жылу желісінің тиесілігі;

      11) теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша анықталатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;

      12) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      13) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      14) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      15) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.

      5. Осы Қағида:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органдарына;

      2) энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушыларға;

      3) Солтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салуды, монтаждауды, қалпына келтіруді және жөндеуді орындайтын ұйымдарға орындау үшін қажет.

      6. Жылыту маусымының басталуы облыс аудандары және Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдарының жыл сайынғы шешімімен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 3-5 күн ішінде +10 0С тең кезінде анықталады.

      7. Облыстың аудандары және Петропавл қаласының энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық объектілерін алдағы жылыту маусымындағы жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:

      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеніне кіретін кәсіпорындар облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына 10 жұмыс күні ішінде жыл сайын жылыту маусымы аяқталған соң жылыту маусымына дайындық жөніндегі жоспарларын ұсынады;

      2) облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары кәсіпорындардың ұсынылған жылыту маусымына дайындық жоспарларын бір жоспарға біріктіріп, жинақтау үшін "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынады.

      8. Жылыту маусымына дайындық жоспарымен көзделген іс-шараларды орындау бойынша есептер келесі тәртіпте ұсынылады:

      1) облыстың аудандарымен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына – тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешенге кіретін кәсіпорындар апта сайын;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – облыстың аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары апта сайын;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі апта сайын.

      9. Жылыту маусымына дайындыққа қатысты жоспарланған жұмыстар орындалмаған кезде, есепке орындалмау себептері және жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралары, орындаудың жаңа мерзімдері көрсетілген анықтама қоса беріледі.

      10. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарттармен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

      11. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені ұйымдарымен олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншік формасына қарамастан жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жауапкершілігі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, сонымен қатар энергия өндіруші, энергия беруші және су шаруашылығы ұйымдарына жүктеледі.

      12. Энергетикалық нысандардың дайындығын, оған қоса энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жылу энергиясын ұтымды, үнемді өндіру мен пайдалануын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыры шеңберінде жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган;

      2) облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы.

      13. Облыс аудандары және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары:

      1) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

      2) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

      3) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізуін жүзеге асырады;

      4) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      5) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беруді жүзеге асырады.

      14. Өз құзыреті шегінде, жылу беру маусымына дайындық өткізу Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау шенберінде, Солтүстік Қазақстан облысының жылыту маусымына дайындығын энергетикалық кешені, тұрғын – үй және әлеуметтік дамуына жөніндегі облыстық штаб орындайды.

      15. Облыс аудандарындағы қалалар мен елді мекендердің жылыту маусымына дайындығы мен өткізуді үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын энергетикалық кешенінің, тұрғын үй қорының, әлеуметтік саладағы және инженерлік инфрақұрылымдық нысандардың қысқы мерзімдегі жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі қалалық немесе аудандық штаб жүзеге асырады.

3. Жылыту маусымына дайындық

      16. Жылыту маусымына дайындық жұмысы келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) өткен жылыту маусымында анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындауды ескере отыра, жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеуді;

      2) аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларымен жоспарды келісу;

      3) энергияны өндіруші және энергияны таратушы ұйымдардың белгіленген нормаларға сай негізгі және қосалқы жабдықтарды толық көлемде және сапалы жөндеуді орындауын;

      4) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) іштегі инженерлік жүйесін жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды атқаруды;

      5) отын қоймаларын, отын дайындау жүйесін, отынды жеткізуді, қож бен күлді шығаруды, темір жол мен автомобильдердің кірме жолын, өртке қарсы шаруашылықты дайындауды;

      6) отынның нормативтік қорын жасауды, алдағы күз-қыс мезгіліне отын жеткізу бойынша шарттардың болуын және энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және зілзалалардың салдарын жою үшін жабдықтардың апаттық қорын, материалдық-техникалық ресурстарды қамтамасыз етуді.

      17. Жылу маусымына дайындық және оны өткізуге байланысты іс-шаралар кешені келесі кезеңдерден тұрады:

      1) 100 Гигакалорий/сағ дейінгі қазандықтары үшін жылумен жабдықтау жүйесі және жұмыс істеп тұрған резервтік отын шаруашылығын сынақтан өткізу (сынақтық жағып көру);

      2) температуралық кестеге сай тұрақты жылумен жабдықтау;

      3) қыстағы ең жоғары энергетикалық жүктеменің өтуі;

      4) жылу маусымының аяқталуы және жылыту кезеңіндегі аралықта ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

      18. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттеріндегі жұмыстарды аяқтау мерзімі:

      1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін, күзгі кезеңдегі жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті;

      2) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін, қысқы ең жоғарғы жүктеменің өту кезеңінде жылу беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті;

      3) Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр -, сукоммуникацияларын жөндеу және алдын-алу бойынша қажетті ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін.

      19. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қажетті жылу желілеріндегі ағымдағы, күрделі жөндеу және қайта құру, іске қосу бойынша ғимараттар мен ішкіүйлік жүйелердегі жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін.

      20. Жылу желілері келесідей сынақтардан өтуі қажет:

      1) гидравликалық сынақтардан (орнықтылығы мен тығыздығына) – жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және жылыту маусымы басталғанға дейін;

      2) жылулық сынақтардан (жылу тасығыштың ең жоғарғы температурасына) - 2 жылда 1 мәртеден сирек емес;

      3) гидравликалық сынақтар (гидравликалық жоғалтуларға) мен жылулық сынақтардан (жылулық жоғалтуларға) - бес жылда бір рет.

      21. Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы не Басқарушы компания:

      1) үйге ортақ (үй ішіндегі) жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін тиісті техникалық жағдайда ұстайды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу құралдарын және үйге ортақ мүлікті құрайтын (үйге ортақ) басқа да заттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын жылу энергиясын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етеді, үй ішіндегі инженерлік жүйелердегі және жабдықтардағы шығындарға жол бермейді;

      3) жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарды орнатқан пломбалардың бүтіндігі бұзылған оқиға туралы жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарды хабардар етеді;

      4) объектілерді жылу және электр жүйелерін қуат көзінен өшіру үшін, қажет жағдайда, жылумен жабдықтау ұйымын тартуымен, үй ішіндегі инженерлік жүйелер мен жабдықтарда пайда болған зақымдалуларды жоюды жүзеге асырады;

      5) жылумен жабдықтау бойынша энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар өкілдердерінің үйге ортақ коммерциялық есептеуіш құралдарына, үй ішіндегі инженерлік жүйелер мен тұтынушылардың жылуды пайдаланушы қондырғылардың жабдықтарына бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді;

      6) үй ішіндегі инженерлік жүйелерді және жабдықтарды тиісті техникалық жағдайда ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші жақты тартады, сервистік қызмет субъектілерімен шартқа отырып, олардың орындалуын бақылайды;

      7) пәтерлердің (үй-жай) меншік иелерін инженерлік жүйелердің және жабдықтардың жұмыс режимін айырып тастау, сынау немесе өзге өзгертулер туралы апаттық жағдайдың туындауын қоспағанда, үш тәулік бұрын ескертеді;

      8) пәтерлердің (үй-жай) меншік иелерін пәтер ішіндегі желілердің инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды оның желілеріне тұтынушы қосылған ұйымның келісімінсіз қайта жабдықтауға жол бермеуі туралы, жылу беру, бекіткіш және реттеуші арқау құралдарының қосымша бөлімдерін орнатуға және бөлшектеуге, жылыту жүйелеріндегі жылу тасымалдағышты мақсатсыз пайдалануға (жылу беру жүйесінен, жылыту құралдарынан суды ағызу) жол бермеу туралы ескертеді.

      22. Жылу желілерінің қорғау аймағы маңында желілердің зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды орындау басталғанға дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей қарамағында жылу желілері бар ұйыммен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізу шарттары мен тәртібін келіседі және қажетті шаралар қабылдайды өз қаражаты есебінен.

      23. Жылумен жабдықтау жүйелеріндегі реконструкция және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Жылуды пайдалану жүйелерінің жай - күйі және қызмет көрсетуі үшін тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен немесе келісу бойынша айқындалады.

      25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылғанына дейін тұтынушы мына әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) жылу торабын салған соң, есепке алу құралдары мен жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесін монтаждаған соң энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін ары қарай акт ресімдеу үшін қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдауға шақырады;

      2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерімен бірге теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актілерін ресімдейді;

      3) паспортты ресімдеп, дроссель құрылғыларының (шүмек, тығын) өлшемін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік - техникалық құжаттамаға және алынған есептерге сәйкес жүргізіледі. Дроссель құрылғыларын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін пломбалау үшін шақырады;

      4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға алдағы жылыту маусымдарына жылу тұтынатын құрылғылардың және жылу желілерінің техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін ұсынады.

      26. Жылу желiлерi құбырлары пайдалануға енгiзілгенге дейiн монтаждаудан, күрделi жөндеуден және реконструкциялаудан өткеннен кейiн жуылып, тығыздалуы тиіс.

      27. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі - қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығы дайындық паспортын алу шарты кезінде расталады.

      28. Тапсырыс берушiлер (тұтынушылар) және энергияны өндіруші және энергияны беруші ұйымдар пайдалануға қабылдамаған салынған қазандықтарды, жылу желiлерiн, орталық жылыту пункттерiн, сорғы станцияларын, орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін салынған үйлердi жылыту маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етедi.

      29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлiк желiлерiн және жабдықтарын дайындау бойынша ұйымдастыру іс - шараларына мыналар жатады:

      1) инженерлiк желiлер мен жабдықтарды пайдалануға жауапты тұлғаны тағайындау;

      2) техникалық құжаттаманы дайындау;

      3) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есепке алу құралдарын олар болған жағдайда, тексеруді өткiзу;

      4) жертөле және шатыр жайларының шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларын жылумен оқшаулауды орындау;

      5) кiреберiстер мен жертөлелердiң сыртқы есiктерiн жөндеу;

      6) шатырлар мен жертөлелердiң терезелерiн жабу;

      7) баспалдақ алаңдарындағы терезелердің қос әйнегін қалпына келтiру;

      8) баспалдақ алаңдарын жылытуды қалпына келтiру және іске қосу;

      9) жылыту пунктiнiң бөлмесін жөндеу: ақтау, сырлау, қажеттi жарықтандыруды және берiк бекiтiлуiн қамтамасыз ету;

      10) жылумен жабдықтау жүйелеріне орнатылған барлық тиектi, реттеушi арматураларын тексеру және жөндеу;

      11) техникалық термометрлердi тексеру, кейiннен техникалық майды құя отырып, гильзаларды тазарту;

      12) жылыту маусымы аяқталған соң сумен шаю;

      13) пломбыланған, тексерiлген монометрлердi орнату;

      14) жылуды тұтынушы желiлерінiң барлық элементтерiнің механикалық беріктiгiн және гидравликалық тығыздығын сынау;

      15) ғимараттардың (үйлердiң) электр сымдарының оқшаулау кедергісін тексеру.

      30. Транзитпен инженерлiк жүйе және жабдықтар өтетiн жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе меншік иесi инженерлiк жүйені және жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің еркiн өтуін (апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу үшiн тәулiктiң кез келген уақытында) қамтамасыз етедi.

      31. Дайындық жұмыстары орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерін қабылдауды энергия беруші ұйым жүзеге асырады және техникалық дайындық актісімен рәсімделеді.

      Энергия беруші ұйым шаю, қысыммен тексеру және жөндеу актісін берген кезде көппәтерлі тұрғын үй қорын тұтынушыларға техникалық дайындық актісін береді.

      32. Егер энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйлеріне қосуға жол берілмейді.

4. Жылыту режимі

      33. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін Петропавл қаласы және облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен жылумен жабдықтау жүйелерiн қосу кестелері мен гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлейді және келістіреді.

      Қосу кестелерiнде тұтынушыларды қосудың келесі кезектiлiгi сақталуы тиiс:

      1) балалар, емдік, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, қарттар мен мүгедек адамдарға арналған үйлер;

      2) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, жатақханалар;

      3) мәдениет, спорт және сауда объектілері, әкімшілік ғимараттар, өндірістік кәсіпорындар.

      34. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың жай-күйін және үйішілік жүйелерді бастапқы реттеуді жүзеге асырады.

      35. Жылыту маусымы кезінде энергия жабдықтаушы, энергия өндіруші және энергия беруші ұйым тұтынушыға Шарт талаптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған температура кестесіне сәйкес тиісті сападағы қызметтерді ұсынады.

      36. Жылыту маусымының өтуі кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым келесілерді орындауы қажет:

      1) тұтынушыларға есептік гидравликалық және температуралық параметлерді қамтамасыз етеді. Жылумен жабдықтау көздерінің есептік температуралық жұмыс кестесінен жоспарлы ауытқулар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жол беріледі;

      2) жоспардан тыс шектеулер немесе жылуды беруді тоқтату барысында не болмаса ыстық су сапасының төмендеуі кезінде қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органына, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың кезекшілік қызметтеріне себептерін, қолданылатын шараларды көрсете отырып хабарлайды;

      3) жылумен жабдықтау көздері мен инженерлік желілердегі апатты жағдайлар кезінде өздерінің өкілдерінің шығуын қамтамасыз етеді;

      4) жылу желілері құбырларындағы ақаулар мен зақымдануларды жою бойынша жұмыстар қолданыстағы нормативтерге сәйкес мерзімде жүргізіледі;

      5) ұйымның теңгерімінде тұрған инженерлік желілер мен жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      6) тұтынушылардың шағымдарын қабылдауды ұйымдастырады, сондай-ақ он күнтізбелік күн ішінде талап ету себептерін анықтау мен жою бойынша шаралар қабылдау;

      7) өз бетінше ойымдарға (жылумен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз), диафрагма мен қақпақтарды шешуге немесе бұрғылауды, тіреушелер арқылы суды ағызуды анықтауы;

      8) ұйымның балансында тұрған инженерлік желілерде технологиялық бұзушылықтарды оқшаулау және жою бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы;

      9) жылумен жабдықтаудың шектелу ұзақтығы мен ажырату себептері туралы тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдарымен және үйдің кіреберістеріне хабарламалар арқылы құлақтандыруы қажет.

      37. Жылыту маусымы басталғаннан энергия өндіруші және энеригия беруші ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі.

      38. Жылумен-, электрмен-, газбен-, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде апаттық жағдай жарияланса:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінде басшылық құрам қатарынан жауапты тұлғалардың тәулік бойғы кезекшілігі енгізіледі;

      2) облыстың аудандары және Петропавл қаласы әкімдерінің өкімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-қалпына келтіру бригадаларының күшейтілген дайындығы жүргізіледі.

5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылытуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      39. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 0С жоғары және сыртқы ауа температурасының одан әрі көтерілу болжамы кезінде жергілікті атқарушы органдар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жылыту маусымын тұрақты оң температураның үшінші тәулігінен тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      40. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимараттарды (тұрғын үйлерді) пайдаланушы ұйымдар тұтынушылармен жасасқан шарттарына сәйкес энергия беруші ұйым өкілдерінің қатысуымен орталық жылыту жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын шарт талаптарда белгіленген жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді. Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді келесі жылыту маусымының 1 қазанына дейін жүргізу қажет. Жылумен жабдықтау және жылуды тұтыну жүйелерiн жөндеуді 1 қазанға дейiн жүргiзу қажет.

      41. Осы Қағидалармен реттелінбеген мәселелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi

      42. Қағиданы бұзғаны үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады