Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласы аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда N 3981 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша), әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім оны бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
23 желтоқсан 2016 жыл
А. Дүйсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады