"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданының әкімі | Д. Байтөлешов |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің2016 жылғы 18 тамыздағы № 231 қаулысына қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
* көк азыққа ** пішінге *** пішендемеге **** жасыл конвейерге