Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 20.07.2022 № 7-19-13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың үйде оқытуға жұмсаған шығындарын төлеу тәртібі айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың тұрғылықты жерін ауыстыруы), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 05.05.2017 № 6-10-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының XXXXVII кезектен тыс сессиясының төрағасы |
С.Пономарев |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы |
Р.Тілеубаева |