"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қазандағы N 6-5-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қазанда N 3909 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 29.03.2024 № 8-13-1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Айыртау таңы" № 36, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Айыртауские зори" № 36 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық маслихатының V сессиясының төрағасы А. Байғарин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық маслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Р.Тілеубаева
      КЕЛІСІЛДІ
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары
М.Жұсіпова
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Рамазанова

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 желтоқсандағы № 6-5-3 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешімімен бекітілген

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленген және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) уәкілетті орган - "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;      4) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына беріледі.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың шарттары мен тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      5. Айыртау ауданында аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтамасыз етілген отбасының (азаматтың) жиынтық тобына 10 пайыз көлемінде айқындалады.
      6. Жеке басында бір тұрғын үйден артық (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға (арендаға) беретін аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      7. Өтемақы шараларымен аз қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.
      Тұрғын үй көмегi оның ішіне жатпайтын барлық топтағы мүгедектер мен бір айдан артық стационардағы емдеудегі адамдарды, оқушылар, күндізгі оқу орындарындағы студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттарды, сондай – ақ бірінші және екінші топ мүгедектерін, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндерді, сексен жастан асқан қарттар мен 7 жасқа дейінгі балалармен отырған тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмегендерге, ұсынылған жұмыстан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындар мен қоғамдық жұмыстардан, кәсіби оқу мен қайта оқудан, кәсіптігін жоғарылатудан себепсіз бас тартқан жұмыссыздардың отбасыларына көрсетілмейді.
      Жұмыссыздың отбасына тұрғын үйлік көмек оның жұмысқа орналасқан күнінен бастап, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға, кәсіптілігін жоғарылатуға барған күнінен бастап қайта тағайындалады.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын органға өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;
      3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      4) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 жұлдызына дейін қабылданады. Өтініш берушілердің екінші рет тұрғын үй көмегіне жүгінуі дәл бірінші реттей рәсімделеді.
      Қабылдаған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, ол жайында өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
      10. Коммуналдық қызметтің қолдану нормалары мен тарифын қызметті жеткізуші ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептеледі.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      12. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      13. "Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады