1. 2017 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |
"КЕЛІСІЛДІ" "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2016 жыл |
Н.Әубәкіров |