Ақжар ауданында 2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 171 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 тамызда № 3850 болып тіркелді

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 Бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау Қағидаларының 10-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжар ауданында 2016 жылға субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі С. Тұралинов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 171 қаулысына қосымша

Ақжар ауданында 2016 жылға субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрi бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау туралы

№ п/п
Дақылдар атауы
Егудің оңтайлы мерзімдері
1
Жаздық жұмсақ бидай егісі(орташа кеш, орташа пісіп-жетілу, орташа ерте сурыпты, қатты бидай)
14 мамырдан 05 маусымға дейін
2
Арпа, сұлы
31 мамырдан 08 маусымға дейін
3
Қарақұмық
22 мамырдан 27 мамырға дейін
4
Тары
25 мамырдан 31 мамырға дейін
5
Нұт (қойбұршақ)
12 мамырдан 20 мамырға дейін
6
Бұршақ
22 мамырдан 27 мамырға дейін
7
Қытайбұршақ
22 мамырдан 25 мамырға дейін
8
Жасымық
22 мамырдан 31 мамырға дейін
9
Рапс (бұрынғы болғандар - бу, бір жылдық шөптер, дақылдық)
12 мамырдан 31 мамырға дейін
10
Зығыр
12 мамырдан 28 мамырға дейін
11
қыша
18 мамырдан 28 мамырға дейін
12
Майлы дәндерге күнбағыс
17 мамырдан 25 мамырға дейін
13
Арыш
20 мамырдан 28 мамырға дейін
14
Картоп
15 мамырдан 31 мамырға дейін
15
Астық технология бойынша сүрлеген шөпке жүгері
17 мамырдан 25 мамырға дейін
16
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
18
Қызылша
25 мамырдан 05 маусымға дейін
19
Қияр
16 мамырдан 05 маусымға дейін
20
Орамжапырақ көшеті
25 мамырдан 15 маусымға дейін
21
Қызанақтар көшеті
28 мамырдан 12 маусымға дейін
22
Сүрлем шөпке күнбағыс
18 мамырдан 24 мамырға дейін
23
Жасыл жемдік бір жылдық шөп (сұлы + бұршақ, бұршақ +сұлы + арпа),
пішен (суданд шөбі, тары, сұлы , могар, сұлы + сиыржоңышқа ) және
пішендеме (сұлы + арпа +бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)
05 маусымнан 10 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
24
I мерзім (бұршақ+ сұлы)
08 мамырдан 10 мамырға дейін
25
II мерзім (сұлы+арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
26
III мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)
08 маусымнан 10 маусымға дейін
27
IV мерзім (рапс, сұлы)
08 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көпжылдық шөптер
28
I мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 мамырдан 15 мамырға дейін
29
II мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
05 шілдеден 20 шілдеге дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады