"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2, 3 - тармақтарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ;
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 43-2 шешіміне (2016 жылғы 18 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3719 болып тіркелген және 2016 жылғы 22 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
1 тармағы мына мазмұнда жазылсын:
"1. Осы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 72-тармағына сәйкес "Ерекше кезең" экономикалық саясатының шараларын ескере отыра әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.";
2-тармақтың 8) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
18-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"18. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шартты ақшалай көмек тағайындау үшін өтініш берген айдың алдыңғы үш айдағы ақшалай және заттай нысандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі шартты ақшалай көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзімі ішінде қайта қаралмайды.
Бұл ретте жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережелеріне сәйкес есептеледі.";
35-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"35. Осы Қағидалардың 9-10-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмекке құқық айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
Бұл ретте, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушілер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.".
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 1 және 3-қосымшасы осы шешімнің 1 және 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің
түпкілікті тізбесі
1)жетiмдiк2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
15) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуге мұқтаждығы (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап);
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап);
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9 баптарында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың коммуналдық қызметтерді төлеу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап);
19) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы.