2017 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Ақжар ауданының аумағында тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда N 3982 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2017 жылдың қантарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Тұралинов
       "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының
қорғаныс істер жөніндегі
бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
2016 жылы 21 желтоқсан
Р. Байсалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады