2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 2016 жылғы 30 қарашадағы N 22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда N 3961 болып тіркелді
1. 2017 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз