Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі N 04 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде N 3683 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2016 жылғы 11 мамырдағы N 08 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 11.05.2016 N 08 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4 бабы 5 тармағы 3) тармақшасына және 48 бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметіне төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 6 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
 

      Аудан әкімі

М.Әбішев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады