"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 45/13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірдегі N 3716 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 11/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 27.02.2017 № 11/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А. Шушамоин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 45/13 шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындылары бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындылары бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайларда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысымен құрылған Бағалау жөніндегі комиссиясымен өткізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
      Комиссия кемінде бес мүшеден құрылады, соның ішінде төраға.
      7. Комиссия мәжілісі оның құрамының үштен екісінен немене қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссия құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындыларыкомиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия хатшысы болып кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол (олар) болмаған жағдайда, оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана кадрлар жұмысы жөніндегі бас маманға беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
      Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемдерінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органмен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшысымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындау тәртібін бұзуға:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты хатшысының, құрылымдық бөлімшенің тікелей басшының тапсырмаларымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмалар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде кадрлар жұмысы жөніндегі бас маманнан, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысынан құжатпен дәлелденген мәліметтері болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы кадрлар жөніндегі бас маманның берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 30-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадрлар жөніндегі бас маманға жіберіледі.
      33. Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

            



      

– тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді";
      130 баллдан астам – "өте жақсы".
      37. Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман"Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

            



      

– жылдық баға;
      

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      

 – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;
      4 баллдан бастап 5 баллға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижелерінің құжаттамалық растау беріледі;
      2) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман қате жіберсе.
      41. Кадрлар жұмысы жөніндегі бас маманбағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадрлар жұмысы жөніндегі бас мамантанысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлар жұмысы жөніндегі бас маманда сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайларында, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонустар төлеу және оқыту бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындылары бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерінің бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 1-қосымша

            Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      _________________________________жыл
       (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_______________________________
      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ___________________________________________________________________

№ р/с
Іс-шаралардың аталуы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4

 

      
      Ескертпе:
      *- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.

Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
___________________________
күні _______________________
қолы ______________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
_________________________________
күні _____________________________
қолы ____________________________
 

  "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесіне 2-қосымша

            Нысан

Бағалау парағы

            _____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
 
Көтермеленетін көрсеткіштермен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Көтермеленетін көрсеткіштермен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
 
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3

 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _________________________
қолы _________________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
күні ______________________________
қолы _____________________________

      

  "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

            Нысан

Бағалау парағы

            _______________________ жыл(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Аталуы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________
күні _______________________
қолы _______________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________________________
күні_________________________
қолы ________________________

      

  "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша

            Нысан

Айналмалы бағалау парағы

            __________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_____________________________________________________________________

№ р/с
Құзыреттіңаталуы
Маңызы
Баға (балл)
Тікелей басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этика нысақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білу
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 

      

  "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша

      

             Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

            ______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

            _______________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
(тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің Т.А.Ә.
(болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер (болған жағдайда)
Комиссиямен бағалау нәтижелерін түзеу
(болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
       Тексерген:
Комиссия хатшысы: _____________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _______________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады