Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 234 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде N 3814 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 29 ақпаннан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
2016 жылғы 14 маусым
А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 234 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекенде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2)аудандық аурухана басшысының орынбасары;

      3)аудандық аурухананың клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) бөлімше, қызмет, бөлім (оқу-көмекші, медициналық статистика, ұйымдастыру-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық) басшылары;

      5) дәріхана меңгерушісі (дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің);

      6) барлық мамандықтардың дәрігерлері;

      7) барлық мамандықтардыңорташа медициналық ұжымы, оның ішінде: медициналық бике, мейіргер;

      емдәм бике;

      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      зертханашы (медициналық);

      акушер;

      тіс дәрігері;

      тіс технигі;

      фельдшер;

      психолог.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын аудандық маңызы бар үйде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдастыру бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) қарт және мүгедек күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар күту бойынша әлеуметтік қызметкер;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) жұмыспен қамту орталығының маманы;

      6) жұмыспен қамту орталығының басшысы.

      3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы;

      2) мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      3) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;

      4) мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      5) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

      6) барлық мамандықтардың мұғалімдері;

      7) әлеуметтік педагог;

      8) педагог-психолог;

      9) жүзу бойынша нұсқаушы;

      10) тәрбиеші;

      11) музыкалық жетекші;

      12) қосымша білім беру педагогы;

      13) әдістемелік бөлменің басшысы;

      14) әдіскер;

      15) өндіріске үйрету шебері;

      16) медициналық бике, мейіргер;

      17) кітапхананың меңгерушісі;

      18) кітапханашы;

      19) тәлімгер;

      20) интернаттың меңгерушісі;

      21) барлық мамандықтардың дәрігерлері;

      22) дене шынықтыру бойынша нұсқаушы;

      23) емдәм бике.

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) кітапхананыңмеңгерушісі;

      3) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      4) кітапханашы;

      5) библиограф;

      6) аккомпаниатор;

      7) дыбыс режиссері;

      8) хореограф;

      9) музыкалық жетекші;

      10) көркемдік жетекші;

      11) режиссер;

      12) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің басшысы;

      13) редактор.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) әдіскер;

      4) барлық мамандықтардың дәрігерлері;

      5) нұсқаушы;

      6) жаттықтырушы.

      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) басшы;

      2) ветеринарлық фельдшер;

      3) ветериналдық станция басшысы;

      4) мал дәрігері;

      5) технолог.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады