"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі теңгерімде ұстаушы және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2016 жылғы 5 шілде |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілде № 157 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 19.01.2022 № 10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 09.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзақтығы, шақырым |
1 | КТТМ-315 | Дмитриевка ауылына кірер жол | 0,215 |
2 | КТТМ-316 | Степное ауылына кірер жол | 0,660 |
3 | КТТМ-317 | Дружба ауылына кірер жол | 7,3 |
4 | КТТМ-318 | Ақжан ауылына кірер жол | 0,195 |
5 | КТТМ-319 | Сулы элеваторына кірер жол | 3 |
6 | КТТМ-320 | Москворецкий ауылына кірер жол | 5 |
7 | КТТМ-321 | Ленинский ауылына кірер жол | 18 |
8 | КТТМ-322 | Дзержинский ауылына кірер жол | 7 |
9 | КТТМ-323 | Белоградовка ауылына кірер жол | 2 |
10 | КТТМ-324 | Октябрьский-Ишимский-Ақсуат | 24 |
11 | КТТМ-325 | Хмельницкий ауылына кірер жол | 9,4 |
12 | КТТМ-326 | Комсомольский ауылына кірер жол | 1,22 |
13 | КТТМ-327 | Дмитриевка-Жарқын | 20 |
14 | КТТМ-328 | Степное-Ракитное | 3,43 |
15 | КТТМ-329 | Докучаев-Северный | 9,80 |
16 | КТТМ-330 | Приозерный ауылына кірер жол | 2 |
17 | КТТМ-334 | Тимирязев-Целинный | 48,1 |
18 | КТТМ-335 | Тимирязев-Докучаев | 19,2 |
Барлығы | 180,52 |