Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 210 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 180 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 тамызда № 3397 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 210 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3271 болып тіркелген, 2015 жылы 21 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);";

      3-тармақтағы "(бұдан әрі - Стандарт)" деген сөздерден кейін "(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

      барлық мәтін бойынша және 1, 2, 3-қосымшалардағы "ХҚКО", "ХҚКО-ға", "ХҚО", "ХҚКО-ның" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен өзгертілсін;

      4 бөлімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      2) 2-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 болып тіркелген) бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтарады (15 (он бес) минуттан аспайды);

      Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін береді (15 (он бес) минуттан аспайды) және материалдарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады