Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 54-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада № 3690 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті VІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қоса берілген Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

      Сессия төрайымы Г. Байкенова
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

  Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 54-VІ
  шешімімен бекітілген

Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу
Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі (бұдан әрі - Заң) Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10234 тіркелді), 2015 жылғы 2 ақпандағы "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10516 тіркелді ) (бұдан әрі - Бұйрық), 2015 жылғы 25 ақпандағы "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10403 тіркелді) бұйрықтарына сәйкес әзірленді және Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Қағида Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстық өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен нысанын жылу маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.

      3. Осы Қағиданы:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органдарына;

      2) коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушыларына;

      3) Атырау облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысанын салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын ұйымдарға орындау үшін ұсынылады.

      4. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдар мен мекемелер тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті өлшемдерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық тәртібі, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.

      5. Облыстың аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа нысандардың дайындығы жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы қаулысына      сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Өз құзыреті шегінде Атырау облысын жылу маусымына дайындау мен оны өткізуді жалпы үйлестіру облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін жұмысқа дайындауды бағалау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясымен жүзеге асырылады.

      7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

2. Жылу маусымына дайындық

      8. Жылу маусымы дайындығына:

      1) өткен жылу маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындау;

      2) жылу маусымына дайындық жоспарын әзірлеу;

      3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандар, түтікшелер, құбырларды қарау      және      сынап білу;

      5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;

      6) инженерлік желілерде, соның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;

      7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөндеулерді орындау;

      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөнделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;

      9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында технологиялық апаттарды және табиғат апат салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;

      10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.

      9. Үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативі және кондоминиум нысандарын басқару      органдарына ұсынылады:

      1) жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстар, пайдалану жауапкершілігі бөлігі шегінде ортақ үйлік жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) ортақ үйлік қажеттілік үшін пайдаланылатын жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің тиімді тұтынылуын қамтамасыз ету, үйішілік желілер мен құрылыстарда шығындарды болдырмау;

      3) жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушіге жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушімен орнатылған пломбалардың тұтастығының бұзылу жағдайлары туралы хабарлау;

      4) мүмкіндік болған жағдайда үйішілік инженерлік желілерде және құрылыстардағы зақымдарды өз күшімен жою;

      5) тәуліктің кез келген уақытында жергілікті атқарушы органдардың және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші өкілдерінің ортақ үйлік есептеу құралдарына, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      6) үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық күйде ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тараптарды тарту, сервистік қызмет субъектісімен шарттарды жасау және орындалуын бақылау;

      7) үй-жай (пәтер) иелерімен жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткізуді ұйымдастыру;

      8) барлық үй-жай (пәтер) иелері үшін (атауы, байланыс телефондары, апатты қызметтердің телефондары), ғимаратты жөндеуді және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші ұйымдар туралы ақпараттарды барлық қол жетімді көрнекті орындарда, ақпарат тақталарында орналастырылуын қамтамасыз ету;

      9) кондоминиум нысанның санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      10) апатты жағдайлардың туындау жағдайларынан басқа, үй-жай (пәтер) иелерін инженерлік желілер жұмысы тәртібінің сөндірілуі, сыналуы немесе басқа да өзгерістері туралы екі тәулік ішінде хабарлау.

      10. Нысандарда апаттарды жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстарды келесі мерзімдерде:

      1) күзгі кезеңдегі жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;

      2) жүктелімнің қысқы ең жоғарғы өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.

      Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      12. Отын қоры шаруашылығын жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      13. Пайдалануға дайындық жылу маусымы басталғанға дейін ресімделген дайындық паспорттарымен расталады:

      1) Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспортын алуға өтініш;

      2) Бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      Әзірлік актісіне осы Бұйрықтың 4-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттарының орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру

      14. Жылу маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.

      15. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.

      16. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылу беру маусымының басталуына дейін жойылады.

4. Жылу тәртібі

      17. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарымен келістіру ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.

      18. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйін тексеруді және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.

      19. Пайдалану процесінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басталуына дейін жойылады.

      20. Жылу беру маусымы жарияланғаннан бастап:

      1) хабарландыру сызбасы белгіленеді, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысандарының жауапты қызметкерлерінің кезекшілігі бекітіледі;

      2) кәсіпорындарда апатты-қалпына келтіру бригадалары дайындалады;

      3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерлерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысын және жылылау күйін кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;

      4) жылумен жабдықтау көздерінде қор және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және қор отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      21. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланғаннан бастап:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен нысандарында тәулік бойы кезекшілік енгізіледі;

      2) кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

5. Жылу маусымының аяқталуы және жылу беру маусымы аралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      22. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін ажыратады және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      23. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір мезгілде 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күнтізбелік күн.

      24.Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

6. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      25. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына және энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсету шартына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады