Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 13 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 мамырда № 3525 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 20.06.2016 № 20 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2)-тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 7 хаттамасы негізінде, Атырау қаласы аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә. Зайдуллинге жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Ожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады