Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Атырау қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 67 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қазанда № 3641 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 20 желтоқсандағы 2023 жылғы № 77 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Атырау қаласы ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3181 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірінде "Атырау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қағиданың 1-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Ақсай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) қағиданың 2-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Атырау ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Атырау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) қағиданың 3-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Балықшы ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) қағиданың 4-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Геолог ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Геолог ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) қағиданың 5-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Дамбы ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Дамбы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) қағиданың 6-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Еркінқала ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Еркінқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) қағиданың 7-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Жұмыскер ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Жұмыскер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) қағиданың 8-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Кеңөзек ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Кеңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) қағиданың 9-қосымшасының:

      10 тармағындағы "Қайыршақты ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қайыршақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады