Атырау қаласы және Атырау, Еркінқала, Қайыршақты ауылдық округтері аумақтарында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 1268 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 қарашада № 3669 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 10.02.2017 № 222 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 9)-тармақшасына және Атырау облысы Атырау қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 04-308 ұсынысы бойынша, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара мал арасында "нодулярный дерматит" (экзотикалық ауру) ауруының пайда болуына байланысты Атырау қаласы және Атырау, Еркінқала, Қайыршақты ауылдық округтері аумақтарында карантин белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Айтбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады