Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 маусымдағы № 30-2 "Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қазанда № 3631 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 20.12.2023 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 маусымдағы № 30-2 "Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3238 болып тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2) көрсетілген шешіммен бекітілген 2 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3) көрсетілген шешіммен бекітілген 3 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4) көрсетілген шешіммен бекітілген 4 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5) көрсетілген шешіммен бекітілген 5 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Жем ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6) көрсетілген шешіммен бекітілген 6 қосымшада:

      10 тармақта:

      "Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппаратына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы
А. Сисенов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады