Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 ақпанда № 3467 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Мұқыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұқыр ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері Мұқан Сұлтановтың есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Т. Әбдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады