Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 60 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 3722 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 3 қарашадағы қорытындысына сәйкес Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Елтай ауылдық округінің Елтай ауылындағы көшелерге:
      1) "Қазақстан-1" шағын ауданындағы № 6 көшеге – "Жанша Уәлиева" есімі;
      2) "Қазақстан-2" шағын ауданындағы № 1 көшеге – "Баламайсаң Дауылұлы" есімі;
      3) "Қазақстан-2" шағын ауданындағы № 2 көшеге – "Қаби Меңетаев" есімі;
      4) "Қазақстан-2" шағын ауданындағы № 3 көшеге – "Сағынтай Құсанов" есімі берілсін.
      2. Елтай ауылдық округінің Аққала ауылындағы көшеге:
      № 1 көшеге – "Нығмет Құлбаев" есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Е. Дүйшім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады