"Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 554 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 наурызда № 3670 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 554 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қатынастары саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі № 18 үй, индексі 160012.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй қатынастары саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеті: Шымкент қаласының аумағында тұрғын үй қатынастары саласында қызметті жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) заң актілеріне сәйкес қаланың коммуналдық меншігін басқарады және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      2) коммуналдық тұрғын үй қорын сақталуын ұйымдастырады;
      3) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      4) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      5) қаланың тұрғын үй қорындағы объектілерге реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
      6) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      7) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;
      9) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайға мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;
      10) коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғынжайларды бөлуін ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғынжаймен қамтамасыз етеді;
      12) Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үйлерді тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      14) тұрғынжайды жалдау шарттарын жасасу;
      15) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
      16) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
      17) тұрғын үй қатынастары саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды қала аумағында жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу;
      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
      3) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жағдайларын тексеру;
      4) тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      5) мемлекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
      6) "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімінің өкімі, қала әкімдігінің қаулысы және маслихат шешімі жобаларын даярлауға қатысу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады