"Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 566 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 сәуірде № 3691 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 566 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ғ.Іляев көшесі 66 "А" үй, индексі 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеті: қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
      2) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын береді;
      3) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;
      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      5) заң актілеріне сәйкес қаланың коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      6) қаланың коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, қалаішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
      7) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      8) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      9) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      10) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      11) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеп, қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну үшін, қала әкімдігіне енгізеді;
      12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлеп, қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну үшін, қала әкімдігіне енгізеді;
      13) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      14) қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      15) қаланы санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      16) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      17) қаладағы сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға келісім береді;
      18) қаланың коммуналдық меншігіндегі қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, ирригация жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, көпшілік пайдаланатын жерлер мен көріктендіру, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастырады;
      19) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарт жасайды;
      20) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
      21) қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді;
      22) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
      23) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізеді;
      24) тиісті саладағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігінің бюджетке толық және уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады;
      25) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 304-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;
      26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемелекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
      4) "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін және маслихат жобаларын даярлауға қатысу;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда, инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды тұлға ретінде барлық құқықтарды пайдалану.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18 "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23 "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26 "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады