"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 – тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 – тармағына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Д.Қыстауов |