Ордабасы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 5/2 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 тамызда № 3822 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 28/4 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 15.05.2018 № 28/4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Ордабасы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Досым
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садвахасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады