Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 17 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | А.Мамытбеков |
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 430 қаулысына қосымша |
2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімдерді қабылдау мерзімі |
1 | Дәндік жүгері | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
1.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген дәндік жүгері | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
2 | Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
3 | Мақта | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
3.1 | Мақта 1 тонна өнімге | 2016 жылдың 20 қазанынан 30 қарашасына дейін |
4 | Картоп | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
5 | Көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
5.1 | оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
6 | Жем шөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 2016 жылдың 17 қазанынан 17 қарашасына дейін |
7 | Фермерлік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына) | 2016 жылдың 17 қазанынан 30 қарашасына дейін |