"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2016 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 377 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4783 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9987) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 07 желтоқсандағы № 3-2-10/29568 хатының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2016 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4421, 2016 жылғы 8 сәуірде "Дидар" № 39 (17279), 2016 жылғы 7 сәуірде "Рудный Алтай" № 39 (19791) газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулыға 1 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы
"15" желтоқсандағы
№ 377 қаулысына
қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 47 қаулысына
1 қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша жергілікті бюджеттен берілетін 2016 жылға арналған субсидиялардың көлемдері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы

Етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы

бас

18 000

87 498

1 574 964

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

26 130

522 600

3)

жалпы табындарда етті асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

48

4 992

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

5 046

777 084

2)

импортталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал

бас

118 000

594

70 092

3.

Сиыр етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей

кг

300

102 300

30 690

2)

2 деңгей

кг

170

300 000

51 000

3)

3 деңгей

кг

100

2 022 000

202 200

4.

Бұқашықтарды өндірудің бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу

бас

24 000

520

12 480

Барлық сома:

3 246 102

Сүтті мал шаруашылығы

1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

12 632

252 640

Сүт өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей

кг

25

14 258 144

356 453

2)

2 деңгей

кг

15

5 378 800

80 682

3)

3 деңгей

кг

10

4 525 180

45 252

Барлық сома:

735 027

Етті құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік нысандағы етті асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу

бас

300

150 000

45 000

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1)

1 деңгей

кг

70

11 227 200

785 904

2)

2 деңгей

кг

66

4 571 600

301 726

3)

3 деңгей

кг

50

2 706 200

135 310

Барлық сома:

1 267 940

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1 500

298 000

447 000

2.

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

13 548

108 384

3.

Биязы жүн өндіру құнын арзандату

кг

130

32 000

4 160

Барлық сома:

559 544

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

2 001

80 040

2.

Қымыз өндіру құнын арзандату

кг

60

1 466 600

87 996

Барлық сома:

168 036

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

кг

98

650 000

63 700

Барлық сома:

63 700
Жиыны:
6 040 349

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады