"Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 14470 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 ақпанда № 4403 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
"18"_01_2016 жылғы № 14470
қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында заңнамамен белгіленген, сондай-ақ осы Ережеге сай мемлекеттің атынан өз құзіреті шегіндегі азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
      6. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Өскемен қаласы құрылыс бөлімі" мемлекеттк мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, пошталық индексі 070004.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын іске асыру.
      14. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері: құрылыс саласындағы бағдарламаларды іске асыру, қала аумағындағы құрылыс кешенін дамыту және болжау, талдау жасау.
      15. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жергілікті маңыздағы нысандардың құрылысы мәселесі бойынша қаланың жергілікті атқарушы органының шешімдерін іске асыру;
      2) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын қала аумағындағы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;
      3) қала әкімдігіне құрылыстар, имараттар, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникациялары құрылысын кеңейту техникалық жарақтандыру, модернизациялау, қайта жаңғырту, қалпына келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
      4) мекеменің құзыреті шегінде қала әкімдігі және әкімінің норматитвтік құқықтық жобаларын әзірлеу;
      5) құзыреті шегінде мәселерлерді қарау кезінде барлық ұйымдарда мемлекеттің мүддесін ұсыну;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде және басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
      16. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
      1) қала әкімдігіне коммуналдық меншік объектілері құрылысының жұмыстарын жақсарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сұрақтарды қарауға енгізу;
      2) өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте белгіленген мекемеге жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан ақпаратты сұрату және алу;
      3) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен және (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай өз құзіреті шегінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдерді қабылдауға, сонымен бірге акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену үлесіне қатысу;
      5) мекеме сұрақтарына қатысты мәселелер бойынша отырыстар, кеңестер, жиналыстарға қатысу;
      6) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі азаматтардан хаттарды, арыздарды және жеке өтініштерін қарау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқа қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      19. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған өз құзы-ретінің мәселелері бойынша және осы Ережеге сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
      2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады.
      3) мекеме жұмыскерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады