"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 294 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4424 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 1015 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.06.2016 № 1015 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 - бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес және Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 260 "Мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысын орындау үшін, Семей қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Қала әкімдігінің
2016 жылғы "23" ақпандағы
№ 294 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару, бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есепке алу және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін басқару, қаланың коммуналдық мүлкіне мемлекеттің құқықтарын іске асыру, оны жекешелендіруді ұйымдастыру мен пайдаланудың тиімділік мониторингін жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Семей қаласының әкімдігі бекітеді.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 071405, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - бюджетті атқару, бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есепке алу және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін басқару, қаланың коммуналдық мүлкіне мемлекеттің құқықтарын іске асыру, оны жекешелендіруді ұйымдастыру мен пайдаланудың тиімділік мониторингін жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыру.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      2) қаланың коммуналдық мүлкін басқаруды ұйымдастыру;
      3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қолданыстағы бюджет заңнамасы шеңберінде жоспарлы кезеңде "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
      2) жоспарлы кезеңге арналған қала бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) бюджеттік қаражатты басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін есепті ақпаратты әзірлеу;
      4) жергілікті бюджет жөніндегі міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту;
      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістерді енгізуге өтінімдерін қарау;
      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік органдар ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпараттар негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;
      7) бухгалтерлік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен және өзге де нормативтік –құқықтық актілерімен белгіленген басқа да есептіліктерді жүзеге асыру;
      8) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен Қазақстан Республикасы Бюджетік заңнамасына сәйкес ақпараттар мен есептіліктерді жинауды жүзеге асыру;
      9) қолма–қол ақша көлемін болжау және бюджеттік ақшаларды тиімді басқару үшін жоспарланған кезеңге күтілетін шығыстардың атқарылуын және қолма-қол ақша легінің болжамын жасау;
      10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті органдарға жергілікті бюджетті атқару туралы айлық, жылдық есептерді, сондай-ақ, басқа да есептерді жасау және ұсыну;
      11) жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша салық төлеушілердің тізбесін бекіту және нақты түсімді есепке ала отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиісті қолма- қол ақшаны бақылау шоттарына аудару;
      12) қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      13) тұрғын үй қорын және жер телімдерін қоспағанда қаланың коммуналдық мүлкін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      14) қала әкімдігінің қаулысы негізінде, тұрғын үй қорына жататын объектілерді және жер телімдерін қоспағанда, қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру;
      15) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй қорын және жер телімдерін қоспағанда, қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде сатып алулар жүргізу;
      16) қала әкімдігімен құрылған мемлекеттің 100 % қатысу үлесімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғыларын бекіту;
      17) коммуналдық мүлікті теңгерімнен теңгерімге бекіту және қозғалысы жөніндегі бұйрықтар шығару;
      18) саланың уәкілетті органдарының қолдаухаттары негізінде қаланың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдау, коммуналдық мүлікті пайдалану бойынша бекітілген шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      19) комммуналдық меншікке айналдырылған (келіп түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің (тұрғын үй және жер телімдерінен өзге), олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      20) қала әкімдігінің қаулысына сәйкес қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;
      21) мемлекеттің қатысу үлесімен қоса жауапкершілігі шеркеулі серіктестіктің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту мәселелерін саланың уәкілетті органына келісу, жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту, жылдық қаржы есептілігін бекіту және таза табысты бөлу, серіктестіктің өзге де заңды тұлғаларға қатысуы туралы шешу, серіктестіктің барлық мүлкін кепілге қою туралы шешу, серіктестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, серіктестіктің мүлкін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша мәмілелер туралы шешімдер қабылдау, байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, қатысушыдан жарғылық капиталдағы қатысу үлесін мәжбүрлеп сатып алу туралы шешу, тарату комиссиясын тағайындау және серіктестіктердің тарату баланстарын бекіту, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша байқау кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою;
      22) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің атқаратын функциялары шеңберінде, нормативтік - құқықтық актілер жобаларын келісу;
      23) жүктелген функциялар шеңберінде мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен және мемлекеттік кәсіпорындармен басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу;
      24) тұрғын үй комиссиясы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді жалға беру шарттарын жасау;
      25) қала әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;
      26) конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін үміткерлері көрсетілген конкурсты жүргізуге өтінімін және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігін, шарттың жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын қамтитын тапсырмаларды тапсырыс берушілердің ұсынуы негізінде бірыңғай ұйымдастырушы ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      27) қала әкімдігімен айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның құрамын бекіту туралы қала әкімі өкімінің жобасын енгізу;
      28) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мыналарға:
      қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерден басқа мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрауға және алуға;
      бағдарламалар әкімшілерінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалуы жөнінде ай сайынғы есептерді алуға;
      тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға;
      егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік ұйымдарға бекітіліп берілген мүлікті тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша алып қоюға не оны басқа құрылған заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге;
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты мәселелер бойынша сот органдарында оның мүддесін білдіруге;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттер мен функцияларды толық көлемде орындауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа міндеттерді орындауға міндетті.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:
      1) заңнамаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лаузымнан босатады;
      2) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген құрылымы мен штат саны шегінде штат кестесін бекітеді, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      3) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен көтермелеуді іске асырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және басқа да құжаттарын бекітеді;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
      6) заңнамаға сәйкес өзге де өкілетттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
      26. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады